Құрметті оқытушы-ұстаздар, сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен Әл-Фараби атындағы кітапхана ұжымының атынан құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық табыс, ғылыми жаңалық, зейінді шәкірттеріңіздің көп болуын тілейміз! Білім, шеберлік, еңбек, тәлім, шыдамдылық, даналық, мейірімділік, тәрбие, шабыт, ғылым үшін сіздерге мың алғыс!
