Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Биология ғылымдарының кандидаты Әметов Әбибулланың 80 жылдық мерейтойына арналған «ҚР территориясының шөлдену мәселелері және оларды шешу жолдары» атты конференция өтті.
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: Оқырмандарға, қонақтарға, конференция қатысушыларға кітапхана қорынан ғалымның еңбектері мен мерзімді басылым беттеріндегі мақалаларымен таныстыру
Көрме бөлімдері:
- Әметов Әбибулла 80 жаста
- Жасыл әлемнің қыр-сырын зерттеуші
Әметов Әбибулла 80 жаста. Биология және биотехнология факультеті Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұлағатты ұстазы, көрнекті ғалым, тек ботаника саласында ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның білім беру ісінде де танымал, биология ғылымының кандидаты, доцент Әбибулла Әметов 80 жаста. Әбибулла Әметұлы кафедрада 40 жылдан астам еңбек етуде. Көрнекті ғалым әрі ұлағатты ұстаз 200-ден астам ғылыми жұмыстың авторы, оның ішінде 2 монография, 7 оқулық, 10 оқу құралы, «Өсімдіктер систематикасы» бойынша (қазақ және орыс тілдерінде) екі тест тапсырма жиынтығы жарық көрді.
Жасыл әлемнің қыр-сырын зерттеуші. Қазіргі уақытта Аметов А. «Өсімдіктердің алуантүрлілігі», «Биотехнология» мамандығының студенттеріне «Ботаника» секілді жалпы курстардан дәрістер оқиды. «Биология-педагогика» мамандығының студенттеріне «Өсімдіктер экологиясы», «Экология» мамандығының студенттеріне «Биоиндикациялық зерттеулердің әдістері», «Улы өсімдіктер», «Рудеральды өсімдіктер», «Сирек кездесетін эндемдік және реликті өсімдіктер» курстарынан дәрістер оқиды. Магистратурада оқитын студенттерге «Қазақстанның жабайы және пайдалы өсімдіктері», «Жергілікті флора», «Өсімдіктер географиясы», «Шөлді және далалық өсімдіктер жабыны», «Бриология» және PhD- докторанттарға «Биогеоценология» курстарынан сабақ жүргізеді.
Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 25-тен астам кітаптар мен мерзімді басылымдар.
Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде