- Тақырыбы: Инженерлік және биомедициналық зерттеулер жинақтарымен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық
Спикер: Меган Рорман, маркетинг және сату жөніндегі директор
Өтетін күні, уақыты: 18 қыркүйек сағ: 15:00 де Астана уақытымен
Вебинарды өткізу тілі: орыс және ағылшын тілдері
Тіркеуге сілтеме: Meeting Registration — Zoom
Сертификат беріледі
Қысқаша сипаттама:
Begell House 40-тан астам рецензияланған журналдар мен өз салаларындағы жетекші сарапшылардан тұратын халықаралық редакциялық алқалардың жетекшілігімен бірнеше мәліметтер базасын шығарады. Барлық Begell басылымдары Clarivate, Scopus PubMed/MEDLINE, CAS және т.б. сияқты ірі қызметтермен индекстеледі.
- Тақырыбы: AccessMedicine және AccessPharmacy платформаларын қалай пайдалануға болады
Спикер: Ольга Дрын, McGraw-Hill-дің сату бойынша менеджері
Өтетін күні, уақыты: 19 қыркүйек сағ: 15:00 де Астана уақытымен
Вебинардың өткізілетін тілі: ағылшын және орыс тілдері
Тіркелуге сілтеме: Meeting Registration — Zoom
Сертификат беріледі
Вебинар барысында біз accessmedicine ресурсымен танысамыз және студенттер мен оқытушылар үшін қолжетімді сайттың әртүрлі инновациялық ресурстарын қарастырамыз, соның ішінде:
- Медицина бойынша жетекші оқулықтар;
- Жылдам қол жеткізу құралдары;
- Инфографика;
- Дәрілік препараттар монографиялары;
- Процедуралар, дәрістер және т. б. бойынша бейнематериалдары бар мультимедиялық кітапхана;
- Нақты клиникалық жағдайлар;
- Оқу құралдары;
- Пациенттерді оқытуға арналған материалдар;
- «Оқытушыларға арналған» ресурстар
- Тақырыбы: Primal Pictures анатомиялық модульдерін қалай пайдалануға болады
Спикер: Рэймонд Та, клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер, EMEAI и ANZ
Өтетін күні, уақыты: 19 қыркүйек сағ: 15:00 де Астана уақытымен
Вебинардың өткізілетін тілі: ағылшын және орыс тілдері
Тіркелуге сілтеме: Meeting Registration — Zoom
Сертификат беріледі
Қысқаша сипаттама:
Клиникалық фармакологтарға көмектесу үшін цифрлық 3D анатомиялық ресурстарды пайдалану.
Анатомияны білу фармакологтардың қауіпсіз және тиімді тәжірибесі үшін өте маңызды – бұл организмнің гомеостаз жағдайында қалай жұмыс істейтіні, аурудың бұл жағдайды қалай өзгерте алатындығы және дәрі-дәрмектердің белгілі бір органдар мен жүйелерге қалай әсер ететіндігі туралы түсінік береді. Primal Pictures-пен бірге сіз фармакологтардың клиникалық тәжірибесінің тиімділігін арттыру мақсатында анатомия бойынша білімді оңтайландыру үшін цифрлық 3D анатомиялық ресурстарды біріктіріп, пайдалана аласыз.