Ғылымдағы озық жетістіктер

2023 жылдың 30 маусымында университетімізде Қытай Халық Республикасының Солтүстік-батыс политехникалық университеті делегациясының қатысуымен «Ғылымдағы озық жетістіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.  

Көрмеге кітапхана қорындағы ҚР мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас туралы, ғылым, ғарыш тақырыбындағы кітаптар қойылды. Жалпы алғанда көрмеге қазақ, қытай, орыс, ағылшын тілдерінде 100-ге жуық құжат шығарылды.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрме бөлімдері:

  • «Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық»
  • «Аспан асты ел – Қытай»

Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық. Бұл бөлімде кітапхана қорындағы ҚР мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас тарихына, даму кезеңдеріне арналған кітаптар орналастырылды. Сонымен қатар, бұл бөлімде университетімізде елімізде, әлемде  замануи ғылым мен техниканың, оның ішінде ғарышпен байланысты ғылымдардың дамуына арналған отандық, халықаралық, шетелдік зерттеулер орналастырылды.

Аспан асты ел – Қытай. Көрменің бұл бөлімінен Қытай елінің тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне, тіліне, өткені мен қазіргі дамуына арналған кітаптар қойылды. Сондай-ақ, бұл бөлімде қытай тілін үйрену, елтану бойынша оқытушыларымыздың оқу-әдістемелік құралдары орналастырылды.

Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 125-ден астам кітаптар мен мерзімді басылымдар.

Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде

Яндекс.Метрика