Кітапханада өткізілетін іс-шаралар

Әл-Фараби атындағы кітапханаға қош келдіңіздер!

Әл-Фараби атындағы кітапханаға келетін көптеген қонақтарымыз, оқырмандарымыз және пайдаланушыларымыз оның ауқымдылығына және келушілер санының көптігіне тәнті. Конференц-залдарға кіріп, Абай залын аралап, мұнда дөңгелек үстел, семинар, тренинг, кітаптың тұсаукесерін және басқа да шаралар ұйымдастырсақ деген ой өзінен өзі пайда болады. Әрине, бұл өте орынды ой! Әл-Фараби атындағы кітапхана классикалық мағынадағы кітапхана ғана емес, сонымен қатар заманауи мәдени демалыс орталығы. Мұнда сіздер үшін Wi-Fi, көрме залдары, музей, еліміздің мемлекеттік бағдарламаларына арналған экспозициялар, конференц-залдар, кең кеңселер мен тақырыптық бөлмелер қызмет көрсетеді.

Біздің кітапханаға келіп, өз көздеріңізбен көріңіздер!

Кітапханада іс-шараларды өткізу туралы сұрақтар бойынша кітапхана әкімшілігіне +7 (727) 377 33 33 (17-00, 17-01, 17-04) телефондары арқылы хабарласыңыздар.

Кітапханада экскурсиялар сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі. Экскурсияға жазылу үшін +7 (727) 377 33 33 (33-42) телефоны арқылы хабарласыңыздар немесе 206-кабинетке (негізгі кіреберіс, екінші қабат) жолығыңыздар.

Яндекс.Метрика