IEEE вебинарлар топтамасы

Құрметті оқырмандар, IEEE Xplore мәліметтер базасы тарапынан өткен IEEE Xplore платформасы және оның зерттеушілерге арналған іздеу құралдары тақырыбы аясында өткен вебинарлар топтамасы аяқталды.

Вебинарда IEEE институтының қызметі, электрондық ресурстарының сапа көрсеткіштері, платформада жұмыс істеу, көп сұранысқа ие мақалаларды анықтау, мақаланы қалай жазу, дайындау, жариялау қажеттігі жайлы, IEEE Xplore ұсынған жаңа интуитивті құралдардың көмегімен сенімді нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін кеңестер мен практикалық әдістер таныстырылды.  

Вебинарға 500-ге жуық ғалым қатысып, вебинар барысында IEEE-ге тіркелім қанша уақытқа жарамды, мақаланы IEEE-ге тегін жариялауға болады ма, мақаланы қалай жазу, дайындау, жариялау керек және т.б. қойылған сұрақтарға IEEE өкілі, спикер Мұрат Жармұхаметов толыққанды жауап берді.

 IEEE жазылымына бонус ретінде ҚазҰУ қауымдастығы APS бағдарламасы арқылы бір жылда үш мақаланы IEEE Acces журналына тегін шығару мүмкіндігіне ие екені жайлы айтылды.

Жақын арада Әл-Фараби кітапханасы вебинарлар бағдарламасына жаңартулар енгізуді жоспарлап отыр. Ғылыми-практикалық қызметіңізге  пайдалы ақпаратты уақытында алу үшін жаңалықтарды жіберіп алмаңыздар (жаңалықтарға өту үшін басыңыз).

Сіз  IEEE вебинарларының бейнежазбаларын біздің кітапхананың YouTube арнасынан көре аласыздар.

  1. Цифровая библиотека IEEE Xplore: Стратегии поиска для оптимизации времени вашего исследования: Жазбаға сілтеме
  2. IEEE Xplore платформасы және оның зерттеушілерге арналған іздеу құралдары: Жазбаға сілтеме
  3. Как опубликовать научную статью в журналах IEEE: Жазбаға сілтеме

Жаңа вебинарлардың шығу күндерін кітапхана сайтында және әлеуметтік желілерде жариялайтын боламыз.

Яндекс.Метрика