Құрметті оқырмандар, Wiley баспасы ұйымдастырған Cochrane library ғылыми ресурстарына қол жеткізу мәселелері бойынша Cochrane library дәлелді медицина базасына арналған вебинар өтті.
Вебинар қажетті ақпаратты іздеу, қажетті тақырыптар бойынша толық мәтіндерге қол жеткізу, Cochrane жүйелі шолулары мен клиникалық жауаптары, сондай-ақ басқа дерекқорлардан жүйелі шолулар, Cochrane library дәлелді медицина базасы дегеніміз не, ресурстардың бірегейлігі және Cochrane library мүмкіндіктері, MeSH (Medical Subject Headings) және PICO (Population Intervention Comparsion Outcome) бойынша іздеу жайлы ақпаратты қамтыды.
Вебинарға 100-ге жуық ғалым қатысып, вебинар спикері болған Қазақстан және ТМД бойынша баспа өкілі Айман Әшімхановадан толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Жақын арада Әл-Фараби кітапханасы вебинарлар бағдарламасына жаңартулар енгізуді жоспарлап отыр. Ғылыми-практикалық қызметіңізге қажет пайдалы ақпаратты уақытында алу үшін жаңалықтарды жіберіп алмаңыздар (жаңалықтарға өту үшін басыңыз).
Жаңа вебинарлардың шығу күндерін кітапхана сайтында және әлеуметтік желілерде жариялайтын боламыз.
Сіздер Wiley вебинарларының бейнежазбаларын біздің кітапхананың YouTube арнасынан көре аласыздар.