Wiley Online Library мүмкіндіктері

Құрметті оқырмандар, Wiley баспасының тарапынан жақында өткізілген вебинарда Wiley Online Library ғылыми журналдар деректер базасын қолдану бойынша ақпарат ұсынылды.

Вебинарда Wiley Online Library платформасында қажетті ақпаратты, тақырып бойынша толық мәтіндерді табу жолдары, қол жетімді журналдар туралы, Wiley ресурстарының зерттеушілер қауымдастығындағы ықпалы, Wiley баспасының ғылыми контенті жайлы айтылды.

Вебинарға 100-ге жуық ғалым қатысып, вебинар спикері – Қазақстан және ТМД бойынша баспа өкілі Айман Әшімхановадан толғандырған сұрақтарына жауап алды.

Жақын арада Әл-Фараби кітапханасы вебинарлар бағдарламасына жаңартулар енгізуді жоспарлап отыр. Ғылыми-практикалық қызметіңізге пайдалы болатын ақпаратты уақытында алу үшін жаңалықтарды жіберіп алмаңыздар (жаңалықтарға өту үшін басыңыз).

Жаңа вебинарлардың шығу күндерін кітапхана сайтында және әлеуметтік желілерде жариялайтын боламыз.

Сіздер  Wiley вебинарларының бейнежазбаларын біздің кітапхананың YouTube арнасынан көре аласыздар.

Яндекс.Метрика