Құрметті оқырман, 2023 жылдың 1 мамырынан бастап 30 маусымына дейін ClinicalKey Student электронды кітапханасына қолжетімділік берілгенін хабарлаймыз!
ClinicalKey Student – медициналық мамандықтардағы студенттерді оқытуға арналған электрондық ресурс. Бұл 250-ден астам ең танымал медициналық оқулық, 85000 сапалы сурет, 850-ден астам процедуралар, зерттеулер және медициналық манипуляциялардың видеосы бар электрондық кітапхана.
Ресурстың техникалық мүмкіндіктері:
- таңдалған оқулықтардан өзіңіздің Bookshelf кітапханаңызды жасауға болады, онда берілген мәтіндік бөлімдерді бөлектеу, жұмыс жазбаларын сақтау, тексеру карталарын жасау, берілген материалды тыңдау мүмкіндігі бар;
- Clinicalkey Student-тен таңдаған суреттерден PowerPoint форматында презентацияларын автоматты түрде жасауға болады;
- кіріктірілген тексеру сұрақтар банкін (4000-нан астам сұрақ) пайдалануға, берілген материалды меңгеру дәрежесін бақылау және оқыту тиімділігін арттыру мақсатында емтихан режимінде немесе оқыту режимінде студенттер үшін тексеру жұмыстарын жасауға болады.
Ресурстың мазмұны үнемі жаңартылып және толықтырылып отырады.