Құрметті оқырман, 2023 жылдың 10 мамырынан бастап 09 маусымына дейін Reaxys деректер базасына қолжетімділік берілгенін хабарлаймыз!
Reaxys – химиялық қосылыстардың және олардың эксперименттік қасиеттерінің деректер базасын, журнал және патенттік жарияланымдарының рефераттық базасын, синтез жоспарын құру функциясы бар химиялық реакциялар базасын қамтитын құрылымдық-химиялық фактографиялық деректер қоры.
Reaxys-те әдебиеттерді немесе қосылыстардың қасиеттерін іздеу табиғи тілде жазылған кілт сөздер арқылы, сондай-ақ құрылымдық немесе реакция схемасы бойынша жүзеге асырылады.
Reaxys мазмұны
- 265 млн органикалық, бейорганикалық және металлорганикалық қосылыстар
- 62 млн химиялық реакция
- Заттардың 500 миллион жарияланған қасиеті
- Химиямен байланысты 16 мың мерзімді басылымнан 105 млн құжат
- 105 патенттік агенттіктің 38 миллион патенті
- Химияға пәнаралық көзқарас үшін 6 индекстеу көзі
Reaxys химиялық профильдегі ғылыми-зерттеу ұйымдары үшін, жаңа материалдарды, жаңа технологияларды әзірлеуге байланысты практикалық мәселелерді шешу үшін арнайы әзірленген. Reaxys-те алынған химиялық қосылыстардың эксперименттік қасиеттері хроматографиялық, спектрлік, электрохимиялық, магниттік, физикалық, оптикалық, термодинамикалық және кристалдық қасиеттерді, табиғи объектілер туралы ақпаратты және қосылыстарды пайдалануды қоса алғанда, 130-дан астам пәндік аймақтарды қамтиды.
Reaxys зерттеушілерге келесі мүмкіндіктерді береді:
- Химиялық құрылымдар, қасиеттер мен реакциялар туралы ақпаратты табу
- Өзекті әдебиеттер мен патенттерді оңай іріктеп алу
- Қызығушылық тудырған химиялық қосылыстарды алу мен синтездеу нұсқаларын бағалау
- Ұйым ішінде және одан тыс жерлерде деректерді бөлісу
- Өзінің эксперименттік деректерін жарияланғандармен салыстыру.
Reaxys пайдаланушылары үшін пайдалы ақпарат
- Reaxys-ті пайдалану бойынша орыс тіліндегі вебинардың жазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=3-JzM23IPdM
- Reaxys-те іздеу туралы қысқаша нұсқаулық бейнематериал: https://youtu.be/M99wYd_-PFI