Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Әл-Фараби кітапханасы және филология факультеті “Көкжиек” ғылыми-шығармашылық клубының ұйымдастыруымен 28 сәуірде поэзия падишасы Мағжан Жұмабайдың 130 жылдық мерейтойына арналған «ҚазҰУ-дағы поэзия көктемі» атты жалпыуниверситеттік поэзия кеші өтті.
Кеш конақтарының қатарында әдебиетші ұстаздар: Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ералиева Жәния Әшенқызы, ҚазҰУ-дың доценті, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Әбенов Болат Құсайынұлы; журналистика факультетінің доценті, журналист-ұстаз Әмір Молдабеков, т.б әдебиетсүйер қауым болды.
Іс-шара барысында ақын Жұмаш Кенебайдың М.Жұмабаевқа арналған авторлық бейнефильмінен үзінді, журналист-ұстаз Әмір Молдабековтың «Түркі даналары» хабарындағы Мағжанның «Түркістан – екі дүние есігі» оқыған өлеңі көрсетілді. Филология ғылымдарының кандидаты Ләйла Жұматайқызы “Мағжан Жұмабаевтың поэзиясындағы символ-бейнелеу” тақырыбында ғылыми баяндама оқыды. Филология факультетінің 2- курс студенті Шекербек Аружан ақынның “Сен сұлу” өлеңіне жазылған әнді орындап берді.
Кеште ҚазҰУ-дың филология, журналистика және басқа да факультеттерінің жас ақындары өз өлеңдерін, Мағжан ақынға арнау өлеңдерін ұсынды. Жыр жарысына жас ақындар: журналистика факультетінің 1- курс студенттері Бексұлтан Дарын, Медетбекұлы Ербол, филология факультетінің 2- курс студенттері Әлихан, Жанарбек Қарақат, Зеберхан Арайлым, Алтынбекқызы Дәметкен, Меңдеш Айнұр, механика-математика факультетінің 1- курс студенті Жаппарова Еңлік қатысты.
Кеш соңында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Әбенов Болат Құсайынұлы қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырды.
Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде