ҚазҰУ-дағы поэзия көктемі

Құрметті әдебиет сүйер қауым!
Сіздерді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтетін поэзия падишасы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «ҚазҰУ-дағы ПОЭЗИЯ КӨКТЕМІ» атты жалпыуниверситеттік поэзия кешіне шақырамыз. Кеш қонақтары – белгілі қазақ ақындары, филология, журналистика факультеттерінің әдебиетші-ұстаздары.

Кеш барысында

1) «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған» атты Мағжан ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу; 2) «Өзім-күнмін, өзім-от» атты филология, журналистика және басқа факультеттердің жас ақындарының арасында ЖЫР-Жарыс өтеді.

Өтетін уақыты: 2023 жыл 28 сәуір, сағ. 15.00
Өтетін орны: Әл-Фараби кітапханасы, 3-қабат, 308-конференц зал
Жауаптылар: «Әл-Фараби кітапханасы», «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы

Яндекс.Метрика