Әл-Фараби кітапханасында Философия ғылымдарының докторы, профессор Жақыпбек Алтайұлы Алтаевтың 75 жылдығына арналған «Әлемдік мәдениеттегі әл-Фараби: ойшыл, философ, ғалым» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: Қонақтарды, ОҚП, студенттер кітапхана қорындағы әл-Фараби еңбектерімен және Жақыпбек Алтаевтың еңбектерімен таныстыру.
Көрме бөлімдері:
- «Әл-Фараби алғашқы басылымдары»
- «Әл-Фараби және қазіргі заман»
- «Шығыстың ғұламасы–Әл-Фараби »
- «Ұстаз, тұлға–Алтай Жақыпбеков»
- «Ж. Алтаевтың кітаптары»
Әл-Фараби алғашқы басылымдары. Көрмені әл-Фараби еңбектері ашады, бұл бөлімде кітапхана қорында ХХ-шы ғасырда басылып шыққан трактаттары ұсынылды. Оның ішінде Әл-Фараби «Әлеуметтік–этикалық трактаттар».
Әл-Фараби және қазіргі заман. Бұл бөлімге шығыстың ұлы ойшылы, екінші ұстаз әл-Фарабидың қайта басылып шыққан басылымдары ұсынылады, соның ішінде «Философиялық трактаттар», «Қайырымды қала» және «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан «Он томдық шығармалар жинағы» да көрмеде өз орнын тапты. Сондай ақ әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Қазақ университеті», және «RS» баспа үйлерінен шығарылған әл-Фарабидің көп томдық еңбектері қойылды.
Шығыстың ғұламасы–Әл-Фараби. Келесі бөлімге Әл-Фараби кітапханасының қорында сақталған әл-Фарабидің еңбектері, ол туралы зерттеулер және Халықаралық әл-Фарабиге арналған, форумдардың конференция материалдары қойылды.
Ұстаз, тұлға–Алтай Жақыпбеков. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, бірнеше буынға тәрбие берген, білім нәрін сіңірген ғалым Жақыпбек Алтайұлы бүгінде өзінің шығармашылық биігінде. Қазақ халқында еңбегімен зор беделге ие. Жақыпбек Алтайұлы өз саласындағы таңдаулы, алдыңғы қатарлы санаткер тұлға. Ғалымның әлі де ғылымға берері мол. Оның ұстанған мақсаты – ұстаздық жол. Ғалымның бүгінгі шыққан биігі ғылым жолына түскен өскелең ұрпақ пен шәкірттеріне үлгі-өнеге. Жақыпбек Алтайұлының жетекшілігімен ғылым кандидаттары мен докторларының тұтас бір буыны шықты. Олар ғылыми мақалалар мен еңбек¬тері арқылы ел руханиятына зор үлес қосуда.
Ж. Алтаевтың кітаптары. Философия факультетінде 90-жылдары қазақ бөлімі жаңадан ашылды. Қазақ тіліндегі философия мамандарын даярлау ісі енді қолға алынған шақта оқулық тапшылығы айтарлықтай сезілді. Әлемдік философия өкілдерінің ең¬бектері қазақ тіліне аударылмай жатты. Сондай кезеңде алғашқылардың бірі болып «Философия және мәдениеттану», «Философия тарихы» оқулықтарын қазақ тілінде жарыққа шығарды. Бұл кітаптар жоғары оқу орындарында міндетті саналатын философия пәнін оқытуда мамандарды қазақ тілінде даярлайтын бөлімдер үшін қажетті оқу құралдарына айналды. Жақыпбек Ал¬тайұлының «Қазақ философиясының тарихына кіріспе» атты еңбегінде қазақ дүниетанымындағы философиялық ой кешудің ерекшелігі айқын зер¬деленді. Мұнымен қоса Жақыпбек Алтайұлының әлемге танымал Шығыс ойшылдарын зерттеудегі еңбектері өз алдына бір бөлек арна болды.
Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 155-тен астам кітаптар мен мерзімді басылымдар.
Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде