Қазіргі биомедицина және экология

Әл-Фараби кітапханасында «Қазіргі биомедицина және экология» конференциясы өтті.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: қонақтарды, студенттерді кітапхана қорындағы көрмеге қойылған кітаптар және журналдармен таныстыру.

Көрме бөлімдері:

  • Биомедицина саласы
  • Биомедицина пәні
  • Биомедицина нәтижелері

Биомедицина саласы. Биомедицина–адам ағзасын оның құрлысы мен ққызметін қалыпты және патологиялық жағдайда, олардың диагностикалық және емдеу әдістерін теориялық тұрғыда зерттейтін медицина ғылымның бір саласы.Бұл бөлімге кітапхана қорындағы биомедицинаға қатысты кітаптар қойылды.

Биомедицина пәні. Биомедицина пәні-адамның денсаулығын сақтауға негізделген, биология ғылымдарынан бастау алатын медицинаның бір бағытын зерттейтін пән. Міндеттері – денсаулық пен аурудың генетикалық және эксперименттік биомодельдерін құрастыру жобалау. Геномды зерттеу саласында медицинаны дамытуға үлкен үлес қосатын, болашақта ұзақ ғұмырдың қыр-сырын үйрететін жетістіктерге қол жеткізу болып табылады.

Биомедицина нәтижелері. Биомедицина нәтижелері- жаңа дәрілері, жасуша терапиясы үшін бағаналы жасуларды қалыптастыруды, жекеленген аурулардың механизмдерін молекулалық деңгейде тереңірек зерттеуге мумкіндік береді.

Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 95-тен астам кітаптар мен мерзімді басылымдар.

Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде

Яндекс.Метрика