Ғылым және бизнес: Қазақстанның инновациялық даму жолдары

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ғылым және бизнес: Қазақстанның инновациялық даму жолдары» атты ғылыми-иновациялық көрме өтті.

Ауқымды шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов және өзге де белгілі тұлғалар қатысты.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты:Қонақтарды, ОПҚ, студенттер кітапхана қорындағы оқытушы-профессорлық құрамның еңбектерімен және конференция тақырыбына байланысты кітаптармен таныстыру.

Көрме бөлімдері

  • Физика-техникалық, механика-математика факультетінің ОПҚ еңбектері
  • Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінің және Заң факультетінің ОПҚ еңбектері
  • Биология және биотехнология, География және табиғатты пайдалану, Химия және химиялық технология факультеттерінің ОПҚ еңбектері
  • Журналистика және тарих факультетінің ОПҚ еңбектері

Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 100-ден астам кітап еңбектері.

Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде

Яндекс.Метрика