Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағы призидиумының VI отырысыО

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым апталығы аясында түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағы президиумының VI отырысы өтті.

Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Халықаралық түркі академиясының президенті Шаһин Мұстафаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закария, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Қанатбек Әбдірахматов, Татарстан Республикасы Ғылым академиясының вице-президенті Дания Загидуллина, Түркия Ғылым академиясының президенті Музаффер Шекер және Әзірбайжан, Моңғолия, Башқұртстан, Өзбекстан Ғылым академияларының президенттері, Қазақстан және шетелдік ғалымдар, түркітанушылар, университеттің оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты:Қонақтарды, ОҚП, студенттер кітапхана қорындағы түркологияға байланысты еңбектерімен және конференция тақырыбына байланысты түркологтардың зерттеу жұмыстарымен таныстыру.

Көрме бөлімдері:

  • «Ұлттық академия – ғылым ұйытқысы»
  • «ҚазҰУ ғалымдарының еңбектері»
  • «Түбі бір түркілер»
  • «Түркілердің тарихи-мәдени мұрасы»
  • «Түркі әлемінің тілдік бейнесі»

Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 95-тен астам кітап, мерзімді басылымдар.

Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде

Яндекс.Метрика