SciVal cеминар өткізді

2023 жылдың 10 сәуірінде Әл-Фараби атындағы кітапхананың Абай залында ғылыми жобалар және мақалалар жариялау үшін Scopus және SciVal құралдарын пайдалану әдістемесіне арналған әлемнің жетекші баспасы Elsevier тарапынан қазақ және орыс тілдерінде семинар-тренинг өтті.

Семинарда Elsevier баспасының Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша кеңесшісі Рабига Хожамқұл презентация жасады.
Іс-шараға жас ғалымдар, университет оқытушылары және кітапхана қызметкерлері қатысты. Тренинг барысында жас ғалымдар өз мақалаларын ғылыми басылымдарда жариялауға қатысты сұрақтарын қойды. Қатысушылар семинарда дұрыс журналды қалай табуға болатынын, дәйексөз индексін қалай көтеруге болатынын, Scopus-та индекстеу журналдары қандай критерийлер мен іріктеу процедураларынан өтуі керек екенін білді. Elsevier баспасының кеңесшісі сонымен қатар зерттеушілердің ғылыми зерттеулерді стратегиялық жоспарлау үшін қызықтыратын зерттеу саласының үрдістерін талдап, ынтымақтастыққа әлеуетті институттар мен зерттеушілерді тауып, жариялауға қолайлы журналдарды анықтауда Scival-ды қолдана алатындығы туралы баяндап берді.

Іс-шараны Әл-Фараби атындағы кітапхана және Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау басқармасы ұйымдастырды.

Семинарға қатысушыларға сертификат берілді.

Яндекс.Метрика