Бейбарыс Сұлтанның туғанына 800 жыл

Әл-Фараби кітапханасында Бейбарыс Сұлтан (әл-Мәлік әз-Заһир Рукн-әд-дин Бейбарыс І әл-Бұндуқтари әс-Салих) туғанына 800 жыл (1223-1277) толуына орай «Мұсылмандық Мысыр билеушісі: қыпшақ текті Бейбарыс сұлтан және оның заманы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: Қонақтарды, студенттер мен ОПҚ-ны кітапхана қорындағы әл-Фараби еңбектерімен және форум тақырыбына байланысты зерттеу жұмыстарымен таныстыру.

Көрме бөлімдері:

  • Университет тарихы
  • «Әл-Фараби трактаттарының алғашқы басылымдары»
  • «Әл-Фарабидің еңбектерінің жаңа басылымдары»

Университет тарихы. Көрменің бұл бөлімінде университет тарихы, профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми қызметі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жетістіктері туралы әдебиеттер ұсынылған.

«Әл-Фараби трактаттарының алғашқы басылымдары».Көрмені әл-Фараби еңбектері ашады. Ең алдымен әл-Фараби трактаттары оқырман назарын өзіне аударады, бұл бөлімінде кітапхана қорында сақталған ХХ-шы ғасырда басылып шыққан трактаттары ұсынылды. Оның ішінде әл-Фараби «Әлеуметтік-этикалық трактаттар», «Философиялық трактаттар», «Қайырымды қала» және «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан «Он томдық шығармалар жинағы» да көрмеде өз орнын тапты.

«Әл-Фарабидің еңбектерінің жаңа басылымдары». Келесі бөлімге Әл-Фарабидің «Әлеуметтік–этикалық трактаттар», «Философиялық трактаттар», «Қайырымды қала» және «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан «Он томдық шығармалар жинағы» да көрмеде өз орнын тапты. Сонымен қатар әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Қазақ университеті», «RS» баспа үйлерінен шығарылған әл-Фарабидің көп томдық еңбектері қойылды.

Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 95-тен астам кітап, мерзімді басылымдар.

Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде

Яндекс.Метрика