VI Халықаралық журналистика форумы

Әл-Фараби кітапханасында «Зерттеу университеті моделі: цифрлы медиадағы ғылым мен инновация» атты VI Халықаралық журналистика форумы өтті.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: конференцияға қатысушыларды, қонақтарды, студенттерді, магистранттарды кітапхана қорындағы ғылым мен инновацияға қатысты кітаптармен таныстыру.

Көрме бөлімдері:

  • «Халықаралық журналистика»
  • «Цифрлы медиадағы ғылым мен инновация»
  • «Масс медиа»

«Халықаралық журналистика». Халықаралық журналистика – БАҚ пен журналистер қызметінің халықаралық аспектілерін зерттеумен айналысатын журналистиканың бір тармағы. Халықаралық журналистика бүгінде журналистиканың ең маңызды салаларының біріне айналған. Сондай-ақ журналистиканың аталған бөлімі халықаралық оқиғаларды, ұлттар арасындағы түрлі қақтығыстарды, шет елдерде болып жатқан жаңалықтарды тарату арқылы бүкіл әлемді бір-бірімен ақпарат таратудағы жаңа технологияларды қолдана отырып байланыстырады.

«Цифрлы медиадағы ғылым мен инновация». Журналистердің газеттегi мәлiметтiң артына жасырынатын уақыты өтті. Facebook компаниясының басқарушылары аудиторияның тұтынушылық мiнез құлкындағы өзгерiстi мойындап, өз жұмысын медиамен серiктестiк катынас орнатуға карай бағыттады да, платформаны одан да тиiмдi пайдалана түсу үшін жаңалық жасаушы ұйымдар мен баспагерлерге ресурстар ұсынды.

«Масс медиа». Масс-медиа – көп ақпарат тарату құрылғысы, ұйымдастырылған техникалық кешен, кез келген мәліметті ғаламтор, теледидар, газет, журналдар арқылы оқып, көріп, естіп, біліп жатамыз. Бұл – масс-медиа. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) — арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаға әртүрлі мәліметті ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан – қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді.

Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 80-нен астам кітап, мерзімді басылымдар.

Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде

Яндекс.Метрика