Әл-Фараби кітапханасында «Кримэкс-2023 «криминалистика және сот сараптамасының үздік сарапшылары»халықаралық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Заң Ғылымы, құқықтану, заң ілімі, заңтану – құқықты әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі ретінде зерделейтін және құқықты қолдану қызметінің алуан түрлі қырларын зерттейтін қоғамдық ғылым.
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: — байқауға қатысушыларды, қонақтарды, студенттерді заң саласындағы кітапхана қорындағы кітаптармен таныстыру.
Көрме бөлімдері:
- «Заң Ғылымы»
- «Криминалистика пәні»
- «Сот сараптамасы»
- «ҚазҰУ оқытушыларының еңбектері»
«Заң Ғылымы». Көрменің бұл бөліміне заң саласындағы С.Зиманов, Т.Күлтөлеев, Ғ.Сапарғалиев, Г.Тайманов, С.Сартаев, т.б. заң ғылымының түрлі салалары бойынша іргелі зерттеулері мен монографиялық еңбектері, және қазіргі кезде Ә.Еренов, С.Байсалов, Ш.Шайбеков, Н.Мұхиддинов, С.Сахипов, М.Баймаханов, Сапарғалиев, М.Сүлейменов, М.Нәрікбаев, У.Жекебаев, Т.Ағдарбеков, Қ.Халиқов, С.Табанов, Н.Өсерұлы, З.Кенжәли, С.Өзбекұлы, А.Ибраева, т.б. ғылым докторлары заң ғылымының әр түрлі саласында іргелі зерттеулер жүргізіп, құқықтануға айтарлықтай үлес қосқан заңгерлердің еңбектері қойылды.
«Криминалистика пәні». Кримимналистика пәні қылмыстармен күресу проблемасын шешуде үлкен роль атқарады. Кримимналистика айғақтарды, айғақ заттарды, дәлелді жинау, зерттеп баға беру, оларды пайдалану және қылмыстардың алдын алу туралы ғылым.Криминалистика дегеніміз- қылмысты жасау әдістері туралы, тергеуді жүргізу техникасы, тактикасы және методикасы туралы ғылым.Қылмыстарды тергеудің құқықты негізіне- қылмыстық процессуалдық құқықтардың нормасына жатады. Қылмыстың жеке түрлерінде болатын себептері мен жағдайларын анықтап, оларды болдырмайтын шаралар қолданған криминалистика қылмыстылықта қалай тергеу жүргізуді үйретсе, криминоглогия пәні қылмыстылықты қалай болдырмастын, алдын алуды үйретеді.Криминалистика философиямен, этикамен де тығыз байланысты. Психология, логика, физика, химия, математика, биология, тарихпен- басқа ғылымдармен. Құқықтық пәндермен- азамттық құқық, қылмыстық құқық, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу, сот медицина, сот экспертология, криминология,жедел іздестіру қызметі.
«Сот сараптамасы». Сот сараптамасы – сот өндірісіндегі арнайы сараптамалық білімдерді заңды және ғылыми негізделген түрде қолдану мақсатымен сот сараптамасының әдіснамалық, құқықтық, ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру және дамытудың заңдылықтарын анықтауға бағытталған білімнің саласы.
«ҚазҰУ оқытушыларының еңбектері». Көрменің соңғы бөліміне ҚазҰУ оқытушы профессорларының еңбектері қойылды.
Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 80-нен астам кітап, мерзімді басылымдар.
Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде