Аязби Бейсенкұлов 60 жаста

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да белгілі журналист, ұстаз, ғалым Бейсенқұлов Аязби Ақбергенұлының 60 жылдығына арналған «Қазіргі БАҚ пен баспа ісінің брендін қалыптастырудағы медиадизайнның рөлі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: конференцияға қатысушыларды, студенттерді, магистранттарды кітапхана қорындағы журналистикаға қатысты кітаптармен таныстыру.

Көрме бөлімдері:

  • Журналистика алып мұхит
  • Бұқаралық ақпарат құралдары
  • Баспасөз-ұлттың үні, рухтың жыры

Журналистика алып мұхит. Журналистика – билік пен халықтың арасындағы дәнекер. Қос тарапты бір-бірімен байланыстырушы алтын көпір. Журналистика – ауыр сала. Ақпараттың өңделу мен таралу барысында қолданылған технология мен жабдықтардың түр-сипатына қарай журналистиканың санаты да анықталады. Көрменің бұл бөліміне: 3 томдық «Қазақ журналистикасы» кітабы, Н.Омашевтың, Қозыбаевтың, Барманқұловтың, Қожакеевтың, Уайдиннің, Кенжалиннің, Ыдырысовтың т.б журналистика корифейлерінің кітаптары қойылды.

Бұқаралық ақпарат құралдары. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) — арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. БАҚ – тың атқаратын қызметі әртүрлі, мысалы: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру т.б болып табылады.

Баспасөз-ұлттың үні, рухтың жыры. Баспасөз— мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы. Баспасөз — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Бұл бөлімге С.Медеубекұлының «Басылымды редакторлық әзірлеу ерекшіліктері», Ж.Бекболатұлының «Баспасөз қызметі» т.б кітаптар қойылды.

Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 80-нен астам кітап, мерзімді басылымдар.

Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде

Яндекс.Метрика