Құрметті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қауымдастығы!
Сіздерді Әл-Фараби атындағы кітапханада өтетін Scopus дерекқорына арналған семинар-тренингке қатысуға шақырамыз, онда Scopus және SciVal құралдарын ғылыми жобалар және мақалалар жариялау үшін қалай пайдалану керек, авторларды іздеуге, Хирш индексін арттыруға және ғылыми нәтижелерді басқаруға қатысты тақырыптар қамтылады. Семинарда ең жақсы тәжірибелер туралы, мазмұнды таңдау және оны қамту, зерттеулердің әсерін бақылау және түсіну көрсеткіштері туралы және т.б. көптеген ақпаратпен таныса аласыздар.
Scopus – жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, инженерия, медицина және өнер салалары бойынша 5000 халықаралық баспадан 23500-ден астам басылымды индекстейтін әлемдегі ең ірі мәліметтер базаларының бірі.
Сертификат беріледі
Тақырыбы: Scopus және SciVal құралдарын ғылыми жобалар және мақалалар жариялау үшін қалай пайдалану керек
Күні: 10.04.2023 жыл
Уақыты: сағ 10:00 де (қазақ тілінде) тіркелу үшін
сағ 12:00 де (орыс тілінде) тіркелу үшін
Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы кітапхана, 3-қабат, 308-конф.зал
Спикер: Рабиға Хожамқұл, Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша Elsevier кеңесшісі.