Республикалық «Жас тілшілер» форумы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әл-фараби кітапханасында Республикалық «Жас тілшілер» форумы өтті.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: конференцияға қатысушыларды, студенттерді, магистранттарды кітапхана қорындағы журналистикаға қатысты кітаптармен таныстыру.

Көрме бөлімдері:

  • Журналистика алып мұхит
  • Баспасөз-ұлттың үні, рухтың жыры
  • Мерзімді басылымдар – коммуникация құралы

Журналистика алып мұхит.Журналистика – билік пен халықтың арасындағы дәнекер. Қос тарапты бір-бірімен байланыстырушы алтын көпір. Журналистика – ауыр сала. Ақпараттың өңделу мен таралу барысында қолданылған технология мен жабдықтардың түр-сипатына қарай журналистиканың санаты да анықталады. Көрменің бұл бөліміне: 3 томдық «Қазақ журналистикасы» кітабы, Н.Омашевтың, Қозыбаевтың, Барманқұловтың, Қожакеевтың, Уайдиннің, Кенжалиннің, Ыдырысовтың т.б журналистика корифейлерінің кітаптары қойылды.

Баспасөз-ұлттың үні, рухтың жыры. Баспасөз— мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы. Баспасөз — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Бұл бөлімге С.Медеубекұлының «Басылымды редакторлық әзірлеу ерекшіліктері», Ж.Бекболатұлының «Баспасөз қызметі» т.б кітаптар қойылды.

Мерзімді басылымдар – коммуникация құралы. Баспасөз қызметі қоғам мен ресми және бейресми, коммерциялық және қоғамдық ұйымдар арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін «көпір» болып табылады. «Коммуникация» термині ғылыми әдебиетте ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болды. Кең мағынада коммуникация түрлі ақпаратты туғызуға, жөнелтуге және қабылдауға мүмкіндік беретін өзара араласу процесі және байланыс тәсілі ретінде қарастырылады. Адамдар арасында коммуникация дидарласу формасында жүзеге асады.

Көрменің безендірілуі: Фотосуреттер, дәйексөздер.

Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде

Яндекс.Метрика