IEEE Вебинарлар сериясы

Құрметті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қауымдастығы!

Mikro Info FZE компаниясы Әл-Фараби ҚазҰУ Ғылыми кітапханасымен бірлесіп IEEE Xplore мәліметтер базасына жазылу бойынша жұмыстар шеңберінде сізді Microsoft Teams платформасында өтетін вебинарлар сериясына шақырады. Вебинар кестесі төменде келтірілген.

Вебинарлар туралы: IEEE университеттер мен ғылыми-техникалық ұйымдарға оқу бағдарламалары мен зерттеу стратегияларын бейімдеуге көмектесетін көптеген тікелей және сұраныс бойынша вебинарлар өткізеді. Вебинарлар арқылы жаттықтырушылар зерттеушілерге хабардар болуға, зерттеу уақытын оңтайландыруға және IEEE Xplore ұсынған жаңа интуитивті құралдардың көмегімен сенімді нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін кеңестер мен практикалық әдістерімен таныстырады. Сонымен қатар, IEEE авторларға өз зерттеулерін жариялауға және техникалық қауымдастықпен бөлісуге көмектесетін ресурстармен қамтамасыз етеді және жаңа технологиялар мен зерттеудің өзекті бағыттары бойынша вебинарлар мен виртуалды іс-шараларға демеушілік жасау үшін жетекші инженерлік басылымдармен, конференциялармен және медиа топтармен серіктес болады.

Вебинарлар сериясы осы және тағы басқа тақырыптарды қамтиды, сондай-ақ пайдаланушылар вебинар кезінде өз сұрақтарын қоя алады.

Спикер: Мұрат Жармұхаметов, Mikro Info FZE компаниясының Қазақстан Республикасындағы уәкілетті өкілі.

Кесте:

Вебинар тақырыбы: «Платформа IEEE Xplore и ее инструменты для исследователей»

Күні мен уақыты: 15.03.2023 жыл сағ 10:00 де

Қосылу сілтемесі

Вебинар тақырыбы: «IEEE Xplore платформасы және оның зерттеушілерге арналған құралдары»

Күні мен уақыты: 16.03.2023 жыл сағ 10:00 де

Қосылу сілтемесі

Вебинар тақырыбы: «Написание статей для изданий IEEE»

Күні мен уақыты: 17.03.2023 жыл сағ 10:00 де

Қосылу сілтемесі

Яндекс.Метрика