Әл-Фараби кітапханасы 2023 жылы 6 наурыз күні қазақтың ақиық ақыны, қазақ поэзиясының Алатаудай алыбы Мұқағалиға арналған «МҰҚАҒАЛИ – МӘҢГІЛІК ҒҰМЫР» атты әдеби-поэзиялық кеш өтті.
Әдеби-поэзиялық кештің арнайы қонағы ақиық ақынның келіні, Мұқағали Мақатаев атындағы қордың төрайымы Бақтыгүл Мақатаева.
Бақытгүл Мақатаева Әл-Фараби кітапханасының музейінде болып, іс-шараға арнайы жасалған кітап және сурет көрмесімен танысып шықты. Кештің бірінші бөлімі арнайы қонақ, ақиық ақының келіні, Мұқағали Мақатаев атындағы қордың төрайымы Бақытгүл Мақатаевамен сұқбатқа арналған. Сұқбат барысында ақының отбасы жайлы және қаламгер есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында қандай шаралар жүзеге асыру керектігі айтылды. Бақытгүл Мақатаева әл-Фараби кітапханасына «Мұқағали» атты таңдамалы шығармаларын жинағын және Нурлан Оразалиннің «Уақыт жаратқан ұлы жыр» кітабын сыйға тартты. Кеш қонақтары қатарынан Ақпараттық-технололгиялар факултетінің аға оқытушысы, жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Ұстаздары қоғамының мүшесі, Әбенов Болат Құсайынұлы, Қазақстан Жазушылар және Халықаралық Жазушылар одағының сондай-ақ журналисттер одағының мүшесі Ермахан Шайхыұлы және филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Көкжиек ғылыми-шығармашылық клубы мен Тәржіман жас аудармашылар ұйымының ғылыми жетекшісі Мұсалы Ләйла Жұматайқызы, М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Бесірова Айкүміс Сайлауханқызы табылды. Арнайы шақырылған қонақтар сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жаудырды және студенттер көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның бастауыш сынып оқушылар Мұқағали Мақатаевтың туындыларын мәнерлеп оқыды. Кештің екінші бөлімінде филология факультеті студенттерінің концерттік бағдарламасы қойылды. Студенттер Мұқағали Мақатаевтың «Бұлқынып жатыр», «Шәміл-ау», «Досыма», «Сені іздедім» атты және т.б. туындыларын мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар «Мен деп ойла» әнін шырқады. Әдеби-поэзиялық кеш қонақтармен естелік суретке түсумен аяқталды.
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, ақынның еңбектерімен кітаптарын көпшілік назарына ұсыну.
Көрме бөлімдері:
- Мұқағали Мақатаев — ХХІ ғасыр ақыны
- Шын жырыңды ұмытпас дарқан елің
- «Поэзия, менімен егіз бе едің?»
- Әр өлеңі – бір әлем
- Жырлайды жүрек
Көрменің оқырмандық бағыты: әл-Фараби кітапханасының пайдаланушылары, студенттер және кеш қонақтары.
Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде