Wiley вебинары

Құрметті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қауымдастығы. 

Сіздерді Wiley Online Library платформасын пайдалануға байланысты тақырыптарды қамтитын Wiley вебинарына қатысуға шақырамыз. Вебинар барысында осы платформада қолжетімді ғылыми журналдарды қалай табуға болатынын; қажетті тақырып бойынша мақалалардың толық мәтіндерін қалай тауып, жүктеуге болатынын біле аласыздар болады.
Wiley (John Wiley & Sons) – зерттеу және білім беру саласындағы әлемдік көшбасшы. Wiley-де техникалық, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың тақырыптары бойынша 20000-нан астам ғылыми кітап, 1600-ден астам рецензияланған журнал және 200-ден астам көп томдық анықтамалық пен энциклопедиялар бар.

Күні: 13.03.2023
Уақыты: сағ 10:00 – 11:00 
Тіркелу: Сілтемеге өту   

Спикер: Айман Ашимханова, Wiley баспасының өкілі

Яндекс.Метрика