«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»

Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қауымдастығы!
Сіздерді қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевқа арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-поэзиялық кешке шақырамыз.
Әдеби-поэзиялық кеште қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы туралы және студенттер арнайы дайындаған концерттік бағдарлама болады.
Әдеби-поэзиялық кеште кез келген қонақ Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін, Мұқағали Мақатаевқа арналған немесе өз өлеңдерін оқып берулеріне мүмкіндік беріледі.
Ол үшін көрсетілген сілтемеге өтіп тіркелулеріңізді сұраймыз: сілтеме
Күні: 6-наурыз, 2023
Уақыты: 15:00 – 17:00
Орыны: Әл-Фараби атындағы кітапхананың 416-конференц-залы
Ұйымдастырушылар: Әл-Фараби кітапханасы

Яндекс.Метрика