Академик Төлеген Тәжібаевтың туғанына 113 жыл

Әл-Фараби кітапханасында академик Төлеген Тәжібаевтың туғанына 113 жыл толуына орай
«Білім және психологиялық-педагогикалық ғылым: жүйелілік, сабақтастық, инновация» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: ғұлама ғалым Төлеген Тәжібаевтың өмірі мен қызметі, жазған кітаптары мен мерзімді басылымдарда жарық көрген еңбектерімен таныстыру.

Көрменің бөлімдері:

  • Академик Төлеген Тәжібаев
  • Тау тұлғалы Тәжібаев: психолог және дипломат
  • Педагогика барысы
  • Психология негіздері

Академик Төлеген Тәжібаев. Педагогика ғылымдардың докторы, профессор, ҚазССР ҒА-ның академигі. Т.Т.Тәжібаев – ірі қоғам және мемлекеттік қайраткер, танымал ғалым, психолог, педагог. 1947-1953 жылдар аралығында Тәжібаев Төлеген Тәжібайұлы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры болды. Төлеген Тәжібаев қазақ тілінде психология ғылымы терминдерін қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Оның К.Ушинскийдің, Л.Выгодскийдің психологиялық көзқарастары туралы зерттеулерінің зор ғылыми маңызы болды. Одан бөлек, Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің, оқу-ағарту ісінің дамуы және мектептер тарихын, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастарын жан-жақты зерттеумен айналысты.

Тау тұлғалы Тәжібаев: психолог және дипломат. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы оқу-ағарту ісімен қатар, педагогикалық ой-пікірлердің дамуы жөніндегі зерттеулері көлемді, әрі маңызды еңбектер қатарынан саналады. Бүгінде оның қазақстандық педагогика мен психология теориясының дамуына қосқан үлесі баға жетпес, ғылыми еңбектері жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу саласындағы ғылыми зерттеулерде бүгінге дейін оқу құралдарының қосымшасы ретінде қолданылып келеді.

Педагогика барысы. Педагогика — жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. Педагогикалық институттарда профильді бағдарламалар бойынша оқылатын оқу курсы да педагогика деп аталады. Қазіргі кездегі педагогика оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін қамтиды.

Психология негіздері. Тәжібаев Төлеген Тәжібайұлы психология қатысты «Жалпы психология» атты тұңғыш оқулықтың және «Психология и педагогическая психология К.Д. Ушинского», «Абай Құнанбаев жастарды тәрбиелеу туралы», «Философ¬ские, психологические и педагогические взгляды Абая Кунанбаева», «Просвещение и школы Казахстана во второй половине ХІХ века», «Педагогическая мысль в Казахстане во второй половине ХІХ века» секілді іргелі еңбектердің авторы.

Көрменің безендірілуі: Фотосуреттер, дәйексөздер.

Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде

Яндекс.Метрика