Құрметті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қауымдастығы!
Сіздерді Scopus вебинарларына қатысуға шақырамыз, онда авторларды іздеуге, Хирш индексін арттыруға және ғылыми нәтижелерді басқаруға қатысты тақырыптар қамтылады. Вебинарда ең жақсы тәжірибелер туралы, мазмұнды таңдау және оны қамту, зерттеулердің әсерін бақылау және түсіну көрсеткіштері туралы және т.б. көптеген ақпаратпен таныса аласыздар.
Scopus – жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, инженерия, медицина және өнер салалары бойынша 5000 халықаралық баспадан 23500-ден астам басылымды индекстейтін әлемдегі ең ірі мәліметтер базаларының бірі.
Вебинарлар тақырыбы | Күні мен уақыты | Тіркелу |
Публикацияға 3 қадам. Scopus және ScienceDirect базаларын қолданып танымал тақырыпты қалай таңдауға болады | 2023 жыл 22 ақпан 10:00 – 11:00 | Тіркелуге сілтеме |
Публикацияға 3 қадам. Scopus және ScienceDirect базаларын қолданып мақала шығару үшін журнал таңдау | 2023 жыл 23 ақпан 10:00 – 11:00 | Тіркелуге сілтеме |
Публикацияға 3 қадам. Scopus, ScienceDirect және SciVal базаларын қолданып ынтымақтастық, жетекші және жоба табу | 2023 жыл 24 ақпан 10:00 – 11:00 | Тіркелуге сілтеме |
Спикер: Рабига Хожамкул, MD, MPH, PhD кандидаты – Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша Elsevier кеңесшісі.