«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті

Халықаралық кітап сыйлау күніне орай 16-17 ақпан күні Әл-Фараби атындағы кітапханада «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті. Кітап мәртебесін көтеру мен жастарға кітап оқуды насихаттау мақсатында бұл ұйымдастырылған акция барысында кітапханаға мыңға жуық кітап сыйға тартылды. Сыйға тартылған кітаптар классикалық оқу залындағы арнайы кітап бұрышына орналастырылды. Университетіміздің профессорлары, ғалымдары, оқытушылары, студенттік ұйымдары, жекелеген студенттері сыйлаған кітаптар Әл-Фараби атындағы кітапхана қорын толықтырады.
Шараға қатысып, кітап сыйлаған зиялы қауым өкілдері ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра – кітап екендігін, өткеннің рухы, келешектің кілті, мәдениеттің биік шыңы да осы кітапта жатқандығын айтып, жастарды кітап оқуға, сол арқылы білімдерін жетілдіруге шақырды.
Барша қатысушыларға акцияға атсалысып, университет кітапханасының қорына сыйға тартқан кітаптарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіз сыйлаған әрбір кітап өз оқырманын табатынына сенімдіміз!

Яндекс.Метрика