Құрметті әріптестер, студенттер!

2023 жылы 16 ақпанда сағ 9:00-ден 18:00-ге дейін Әл-Фараби атындағы кітапхананың 2-қабатта орналасқан оқу залында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтетінін хабарлаймыз. Сіздер ғылыми еңбек, оқу құралы, көркем әдебиет, сондай-ақ, құнды басылым немесе қолжазбаларды сыйға бере аласыздар.

Университететіміздің профессорлық-оқытушылық құрамынан, кітап авторларынан, жеке тұлғалардан, қайырымдылық және басқа ұйымдардан, сондай-ақ әртүрлі баспалардан сыйға тартылған кітаптар Әл-Фараби атындағы кітапхана қорын толықтыру жолдарының бірі болып саналады. Бұл кітаптар осында өз оқырмандарын табатынына мол сенімдеміз.

Кітапты өткізу ережесі: оқу
Келіңіздер, кітапты сыйға беріп, игі іске ат салысыңыздар! Біз сіздерді күтеміз!

Яндекс.Метрика