2023 жылдың ақпан айының 2-сінде «Қазақ» газетінің алғашқы санының шыққанына 110 жыл толды.
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Бұл көрмеге «Қазақ» газетінің 1 ғасыр бұрын төте жазу емлесінде басылып шыққан тупнұсқадағы данасы қойылды. Оның редакторы ағартушы, қоғам және саяси қайраткер Ахмет Байтұрсынов болды. Онымен бірге газет құру үшін оның саяси серіктері Әлихан Бөкейханов пен Мыржақып Дулатов жұмыс істеді.
Алғашында 3000 дана басылды, кейін таралымы 8000 данадан астамға жеткені туралы деректер бар. Тарихшылар ол заманда бұл өте көп болғаның және оқырмандар сұранысы жоғары болғаның айтады.
Қазақ қоғамының өз мүддесі, құқықтары мен бостандықтары үшін күресте топтасуында «Қазақ» газеті үлкен рөл атқарды. Шетелде жүрген қазақтар үшін бұл өңірдегі соңғы жаңалықтардың көзі болды, осы газет арқылы қазақ қоғамының мүддесін қорғай алды. Кейіннен «Қазақ» газеті бүкіл қазақ қоғамының топтастырушы факторына айналып қана қойған жоқ, оның төңірегіне рухы да, идеясы да жақын адамдар жинала бастады.
Көрмені ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы кітапхана.
Көрменің оқырмандық бағыты: әл-Фараби кітапханасының пайдаланушылары, оқытушылар, докторанттар, магистранттар, студенттер және т. б.
Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 12 кітап және 25 мерзімді басылым.
Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде