2022 жылдың 13-желтоқсанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ахмет Байтұрсынұлы және ғылым тілі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты:
1) қазақ тілінің түп негізі саналатын түркі тілінің, жазуының көне жазба ескерткіштерінен бастау алатын терең тарихымен таныстыру арқылы қазіргі қазақ тілінің мемлекеттік тіл, ұлтаралық тіл ретіндегі зор әлеуетін көрсету, насихаттау.
2) Отандық тілші ғалымдардың іргелі жұмыстарымен таныстыру арқылы мемлекеттік тілді білуді, оны құрметтеуді, үйренуді насихаттау.
3) Кітапхана қорындағы қазақ тілін, түркі тілдер тарихын зерттеуге, қазақ тіл біліміне, тіл мәселелеріне арналған оқу, ғылыми әдебиеттермен таныстыру.
Кітап көрмесі 5 бөлімнен тұрады:
- Ұлағатты ұлт ұстазы
- Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға
- Қазақ тілі білімінің мәселелері
- Қазақ тілі — мемлекеттік тіл
- ҚазҰУ ғалымдарының еңбектері
Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы кітапхана
Көрменің оқырмандық бағыты: Ғылыми-практикалық конференция қатысушылары, журналистер, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.
Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 80-ге жуық кітап, мерзімді басылымдар.
Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде