2022 жылдың 10 қарашасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әдебиетші, ғалым, сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Тұрсынбек Кәкішевтің 95 жылдығына арналған «Тұрсынбек Кәкішұлы және қазақ әдебиетінің тарихы мен сынын зерттеудің келелі мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Тұрсынбек Кәкішев 1927 жылы 15 тамызда Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Бөрлі аулында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін (1950), Қазақ КСР ҒА Тіл және әдебиет институтының аспирантурасын бітірген (1960). 1944–1945 жж. Ақмола облыстық Қазақ драма театрының актері, «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде бөлім меңгеруші, 1950–1958 жж. Партия тарихы институтында кіші ғылыми қызметкер, 1960–1968 жж. Қазақ КСР ҒА-ның М.О.Әуезоватындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, 1968 жылдан ҚазМУ-де аға оқытушы, доцент, профессор, филологияның сырттай (1978–1985), күндізгі (1985–1986) факультеттерінің деканы, көп жыл осы университеттің филология факультетінде «Қазақ әдебиетінің тарихы мен сыны» кафедрасының меңгерушісі болған.
Қазақ әдеби сынының даму жолдары, жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің, оның көрнекті өкілдерінің шығармашылықтары хақында ғылыми ізденістер жасап, өнімді еңбек етті.. «Қазақ әдебиетінің тарихы» (3-т., 1–2-кіт., 1967), «Қазақ совет әдебиетінің тарихы» (1970, Мәскеу, орыс тілінде), т.б. іргелі еңбектерді даярлап, жазысуға қатысты. С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізді: «Сәкен Сейфуллин» (1967), «Қызыл сұңқар» (1968), «Сәкен Сейфуллин» (Мәскеу, ЖЗЛ, 1972, орыс тілінде), «Сәкен Сейфуллин» (1976), «Сәкен және Гүлбаһрам» (1994), «Сәкеннің соты» (1994), «Сәкен Сейфуллин» (1997), «Тар жол, тайғақ кешудің тағдыры» (К.Ахметовамен бірге, 1997), «Сәкен сүйген сұлулар» (1997), «Мағжан-Сәкен» (2000), «Сәкен аялаған арулар» (2003) деген кітаптар жазды.
Қазақ әдебиеті сынының тарихын зерттеп, «Сын сапары» (1971), «Оңаша отау» (1982), «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» монографияларын жазды. Соңғы еңбегі жоғары оқу орындарында оқулық ретінде қолданылып келеді. «Ұштасқан үш өзенмен» (1978), «Жол үстінде 80 күн» (1983), «Садақ» (1986), «Жасампаз өлке» (1989), «Сандалтқан «садақ» (2002) сияқты ғылыми-көпшілік кітаптары қазақ халқының әдеби-мәдени мұраларын іздестіру барысында өмірге келді. «Санадағы жаралар» (1992), «Ескірмейді естелік» (1994), «Кер заманның кереғар ойлары» (1995) жинақтары, «Мағжан-Сәкен» ғылыми эссесі (1999), «Сәбең әлемі» (2000), «Сайыс» (2001), «Мерей» (2002) кітаптары жарық көрген. Сәкен шығармаларының көп томдығының құрастырушысы (10 томы шықты).
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: 1) Шараға қатысушыларды, профессорлық-оқытушылық құрамды, университет студенттерін Тұрсынбек Кәкішевтің ғылыми еңбектерімен (монографиялары, оқулықтары, мақалаларымен) және 2) көрнекті ғалым, сыншы, әйгілі сәкентанушы Т. Кәкішев туралы мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, замандас ақын-жазушылардың, ғалымдардың, шәкірттерінің естеліктерімен, ғылыми зерттеу еңбектерімен таныстыру;
Көрме екі бөлемнен 2 тұрады:
- Көркемсөз зергері
- Ғылым баһадүрі
Көркемсөз зергері. Көрме Тұрсынбек Кәкішевтің филология, әдебиеттану саласындағы шығармашылығын ашатын бөлімнен басталады. Бұл жерде Т. Кәкішевтің әдеби зерттеу еңбектері қойылған: «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» (1994 ж.), «Ұштасқан үш өзенмен» (1978 ж), «Сәкен Сейфуллин» (1967 ж.), «Қазақ зиялылары» (2011 ж.), «Санадағы жаралар» (1992 ж.), «Жол үстінде 80 күн» (1983 ж.), «Қызыл сұңқар» (1968 ж.), «Ескірмейді естелік» (1994 ж.), «Толғам» (2004 ж.), «Сайыс» (2001 ж.), «Оңаша отау» (1982 ж.), «Дәуір дидары» (1985 ж.) және т.б. кітаптары.
Ғылым баһадүрі. Көрме Тұрсынбек Кәкішевтің филология, әдебиеттану саласындағы шығармашылығын ашатын бөлімнен басталады. Бұл жерде Т. Кәкішевтің әдеби зерттеу еңбектері қойылған: «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» (1994 ж.), «Ұштасқан үш өзенмен» (1978 ж), «Сәкен Сейфуллин» (1967 ж.), «Қазақ зиялылары» (2011 ж.), «Санадағы жаралар» (1992 ж.), «Жол үстінде 80 күн» (1983 ж.), «Қызыл сұңқар» (1968 ж.), «Ескірмейді естелік» (1994 ж.), «Толғам» (2004 ж.), «Сайыс» (2001 ж.), «Оңаша отау» (1982 ж.), «Дәуір дидары» (1985 ж.) және т.б. кітаптары.
Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы кітапхана
Көрменің оқырмандық бағыты: Шара қатысушылары, журналистер, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.
Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 80-ге жуық кітап, мерзімді басылымдар.
Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде