VI Орталық Азия халықаралық форумы

Әл-Фараби кітапханасында «Жаһандық білім беру кеңістігіндегі трансұлттық өзара іс-қимыл» атты Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі VI Орталық Азия халықаралық форумы өтті.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы «ҚазҰУ-дың оқытушы-проффесорлар құрамының еңбектері» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: Форум қатысушыларын, студенттерді ҚазҰУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамының еңбектерімен таныстыру.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұлттық пәндік рейтингтерде өз оқу бағдарламалары бойынша қазақстандық университеттер арасында жетекші орын алады. ҚазҰУ халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу университетіне айнала отырып, әлемдік университеттердің институционалдық рейтингінде де және пәндік рейтингте де табысқа жетіп, үнемі алға жылжып келеді. Сонымен, 2021 жылы QS World University Ranking әлемдік рейтингінің нәтижелері бойынша жетекші қазақстандық университет ҚазҰУ әлемдегі ең үздік университеттер тізімінде 150 орынға ие болды. Бұл топта ТМД елдерінен тек Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғана бар.

Ұлттық рейтингіне енген 135 оқытушының жартысынан астамын ҚазҰУ қызметкерлері құрайды. Осыған байланысты бұл көрменің мазмұндық салмағын ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамының монографиялары, оқулықтары, оқу құралдары мен басқа да ғылыми еңбектері, шетелдерде жарық көрген кітаптары және т.б. басылымдар құрады.

Көрме 11 бөлімнен тұрады:

  • Биология және биотехнология факультетінің, Медицина және денсаулық сақтау факультетінің оқытушы-профессорлар құрамының еңбектері
  • Физика-техникалық факультетінің оқытушы-профессорлар құрамының еңбектері
  • Химия және химиялық технология факультетінің оқытушы-профессорлар құрамының еңбектері
  • Механика-математика факультетінің, Ақпараттық технологиялар факультетінің оқытушы-профессорлар құрамының еңбектері
  • Экономика және бизнес Жоғары мектебінің, заң факультетінің оқытушы-профессорлар құрамының еңбектері
  • География және табиғатты пайдалану факультетінің оқытушы-профессорлар құрамының еңбектері
  • Тарих факультетінің оқытушы-профессорлар құрамының еңбектері
  • Шығыстану факультетінің, Философия және саясаттану факультетінің оқытушы-профессорлар құрамының еңбектері
  • Халықаралық қатынастар факультетінің оқытушы-профессорлар құрамының еңбектері
  • Филология факультетінің, Журналистика факультетінің оқытушы-профессорлар құрамының еңбектері
  • Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің оқытушы-профессорлар құрамының еңбектері

ҚР жоғары білім беру жүйесінің жетекші мекемесі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бүгінгі таңда 16 факультеті бар. 16 сала бойынша еңбектер көрменің әр бөлімдерінде ұсынылды.

Көрменің оқырмандық бағыты: Ғылыми-практикалық конференция қатысушылары, журналистер, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.

Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 350-ге жуық кітап, мерзімді басылымдар. 

Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде

Яндекс.Метрика