Өмірі өлеңмен өрілген ақын

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасында белгілі ақын, публицист, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Өтеген Оралбайұлының 70 жасқа толуына орай «Ө.Оралбайұлының шығармашылығы және бүгінгі қазақ поэзиясы» атты дөңгелек үстел өтті.

Бұл іс-шараға орай Әл-Фараби атындағы кітапхана кітап көрмесін дайындады.

Күні: 8 қыркүйек 2022 жыл

Көрменің мақсаты: ақын, публицист, мемлекет және қоғам қайраткері, Өтеген Оралбайұлының қазақ поэзиясында өз орны бар шығармашылығына шолу жасау; ақынның университеттік кітапхана қорында сақталған кітаптарымен, жыр жинақтарымен, публицистикалық шығармаларымен, ғылыми еңбектерімен таныстыру.
Көрме бөлімдері:

  • Өтеген Оралбайұлы – ақын, журналист, публицист
  • Қаламы қарымды, еңбегі елеулі қаламгерлер
  • Ақындықтың азаматтық болмысы

Көрмеге Өтеген Оралбайұлының әр жылдары шыққан жыр жинақтары, республикалық баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалары мен публицистикалық шығармалары және ғылыми-әдеби еңбектері қойылды. Сонымен қатар көрмеден (2-бөлімі) дөңгелек үстелге қатысушы ақын-жазушы, ғалымдар, қоғамдық қайраткерлердің де шығармалары, еңбектері, мақалалары орын алды.
Ө. Оралбайұлының жыр жинақтары: «Тұңғыш», 1978 ж., «Мәңгілік қозғалыс», 1980 ж., «Жұлдызды шақ», 1982 ж., «Көгілдір көкжиек», ұжымдық, 1984 ж., «Ақ пен қара», 1988 ж., «Аспаны биік атажұрт», 1997 ж., «Екімыңжылдық дала жырлары», антология, 2008 ж., «Өлеңбаян», 2 томдық, 2008 ж., «Сүмбіле саздары», 2010 ж., «Қағбаның қарлығаштары», 2012 ж., «Айсұлудың алақаны», 2016 ж., «Шуақты шақ», 2016 ж.
О. Оралбайұлының публицистикалық, прозалық кітаптары: «Жолға шықты жүрегім», 1993 ж., «Жолдар мен жылдар», 2008 ж., «Серпер сезім», 2014 ж., «Текті өнердің Тұмары», 2015 ж., «Тәуелсіз елдің Тұңғышы», 2016 ж.
Ғылыми-әдеби монографиялары: «Ақындықтың өлшемі – азаматтық», 2009 ж., «Қазіргі қазақ поэзиясы: дәстүрлі арналар және көркемдік сабақтастық», 2010 ж.

Яндекс.Метрика