Масанчи көшесіндегі оқу залдары

Университетіміздің Қарасай батыр, 95 мекен-жайында орналасқан ғимаратында Халықаралық қатынастар, Шығыстану факультеттері және Масаншы 39/40 мекен-жайы бойынша Философия және саясаттану мен Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеттері орналасқан.

Осы ғимараттарда Әл-Фараби кітапханасының Ақпараттық қызмет көрсету басқармасына қарасты 3 оқу залы мен 1 абонемент қызмет көрсетеді:

•  халықаралық қатынастар факультетінде – оқу залы;

•  философия және саясаттану факультетінде – оқу залы;

•  шығыстану факультетінде – оқу залы;

•  жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде – абонемент.

Оқу залдары мен абонементтің негізгі міндеті – кітапхана пайдаланушыларына ақпараттық қызмет көрсету, оқырман үшін оның рухани дамуы, ұлттық және әлемдік мәдени-тарихи мұрамен танысуы, тұлғалық өзін-өзі жетілдіруі, ғылыми-зерттеу жұмыстары, оқытушылар мен студенттердің инновациялық қызметі үшін еркін ақпараттық кеңістік құру.

Оқу залдарында қолданушыларға интернет желісімен, кітапхана сайты (http://elibrary.kaznu.kz/ru) арқылы электрондық каталогпен және әлемдік дерек қорларымен жұмыс істеуге мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар салалар бойынша электрондық кітаптарға сұраныс көп. Оқу залдарының қызметкерлері залдардағы бір дана кітаптарды оқырмандар (студент, магистрант, докторант, оқытушы) тапсырысы бойынша кітапхананың бас ғимаратында орналасқан Цифрландыру орталығына кітаптың электрондық нұсқасын жасауға уақытысында тез жеткізіп тұрады.

Кітапхана қызметкерлері айтулы күндерге және жаңа түскен кітаптарға тұрақты түрде көрмелер ұйымдастырып, студенттермен және оқытушылармен бірлесе отырып, мәдени және көпшілік іс-шараларын ұйымдастырады.

Халықаралық қатынастар факультетінің оқу залы ғимараттың екінші қабатында, 234 кабинетте және Шығыстану факультетінің оқу залы  бесінші қабатта, 543 кабинетте орналасқан.

Халықаралық қатынастар факультетінде халықаралық қатынастар және сыртқы істер саясаты, халықаралық құқық және әлемдік экономика саласының мамандықтары бойынша оқытады. Қазіргі таңда 1000-нан астам студент білім алуда.

Оқу залының қосалқы қор саны 5620 дана әдебиетті құрайды. Оқу залының кітап қоры оқу үдерісіне қатысты қазақ, орыс және шет тілдеріндегі оқулықтар мен ғылыми әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен толықтырылған.  

Шығыстану факультетінің оқу залының қосалқы қоры арабтану, түркология, корейтану, үндітану, қытайтану, ирантану, жапонтану әдебиеттерімен толықтырылған. Факультетте 8 шығыс тілі: араб, парсы, қытай, корей, түрік, жапон, хинди және урду, сондай-ақ екі батыс тілі: ағылшын және француз тілдері оқытылады. Оқырмандардың сұранысы бойынша қосалқы қор анықтамалықтармен, сөздіктермен, ғылыми әдебиеттермен толықтырылып отырады. Оқу залының қосалқы қоры – 5324 дана. Оқу залы 700-ден аса оқырманға қызмет көрсетеді.

Философия және саясаттану факультеті оқу залының қосалқы қоры 6410 дана әдебиеттермен толықтырылған. Оқырмандарға кітап қорында жаратылыстану, ғылымтану, педогогика, жантану және тіл білімі оқу әдебиеттері мен ғылыми және кеңінен танымал әдебиеттер ұсынылады.

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің абонементі университетіміздің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық, шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасына, колледж студентеріне және бейіндік мектеп оқушыларына қызмет көрсетеді. Абонементтің жалпы қор саны – 28 559 дана, қор шет тілін оқуға тілек білдірушілерге арналған оқулықтар, оқу құралдары, сөздіктер және анықтамалармен толықтырылған. Бейіндік мектепте 8, 9, 10, 11 сыныптар оқиды. Олардың жалпы саны – 202. Колледжде студенттер саны – 74.

Кітапхана қызметкерлері жыл бойы біліктілігін және ақпараттық сауаттылығын арттыруға бағытталған тренингтерге, семинарларға, конференцияларға, ашық сабақтарға белсенді қатысып отырады.

Факультеттер Бөлімдер Қызметкер аты-жөні Қызметі e-mail, телефоны
1 Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Абонемент Кожабекова Әлия Мұратқызы Бас кітапханашы-менеджер Ішкі нөмір: 3117   aliya.kozhabekova@kaznu.edu.kz  
2 Философия және саясаттану  факультеті Оқу залы Барлыбаева Ғалия Қайсанқызы Кітапханашы-менеджер Ішкі нөмір: 3117 galiya.barlybayeva@kaznu.edu.kz  
3 Халықаралық қатынастар факультеті Оқу залы Кожахметова Асель Есбергеновна Кітапханашы-менеджер Ішкі нөмір: 3117 assel.kozhakhmetova@kaznu.edu.kz  
4 Шығыстану факультеті оқу залы Оқу залы Жексенбаева Раушан Кітапханашы-менеджер raushan.zheksenbaeva@kaznu.edu.kz
Яндекс.Метрика