Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс

Ұлы Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ұлы мереке. Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғыс – Ұлы Отан соғысы аяқталғанына 76 жыл толады. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы кітап көрме ұйымдастырды.

Күні: 09 мамыр 2022

Көрменің мақсаты: 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс»атты тарихи-патриоттық бағыттағы кітаптар (құжаттар) көрмесін ұсынамыз. Кітапхана қорындағы кітаптармен таныстыру.

Көрме 8 бөлімнен тұрады:

  • «1941-1945 жылдары жарық көрген сирек басылымдар топтамасы»
  • «Қаһарлы жылдар шежіресі»
  • «Қазақстандық жауынгерлер ұлы отан соғысы майданында»
  • «Ерлер есімі – ел есінде»
  • «Майдангер қаламгерлер естеліктері»
  • «Майдангер қаламгерлер естеліктері»
  • «Ардагерлерге құрмет – бүгінгі ұрпақтың азаматтық парызы»
  • «Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс»

«1941-1945 жылдары жарық көрген сирек басылымдар топтамасы». Әл-Фараби атындағы кітапхана қорының сирек басылымдары.

«Қаһарлы жылдар шежіресі». Кітап қорындағы ұлы отан соғысы, «батыр қалалар» туралы әдебиеттер.

«Қазақстандық жауынгерлер ұлы отан соғысы майданында». Қазақстандықтардың сұрапыл соғыс майданындағы және тылдағы ерліктері жазылған әдебиеттер және соғыс майданында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге арналған «боздақтар» жинақтары.

«Ерлер есімі – ел есінде». Қазақстандық батырлар туралы әдебиеттер.

«Майдангер қаламгерлер естеліктері». Соғысқа қатысқан батыр, ардагер қаламгерлердің естелік еңбектері.

«Майдангер қаламгерлер естеліктері». Соғысқа қатысқан батыр, ардагер қаламгерлердің естелік еңбектері.

«Ардагерлерге құрмет – бүгінгі ұрпақтың азаматтық парызы». Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы жеңіс туралы, ұлы отан соғысына қатысқан қазұу-дің соғыс және тыл ардагерлері туралы әдебиеттер, кездесу кештерінен фотосуреттер.

«Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс».

Көрменің оқырмандық бағыты: Университетке іс-шараға жиналған қонақтар, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.

Көрме құжаттары: кітаптар, газеттер.

Яндекс.Метрика