Конституциялық заңнама жөніндегі Комитет депутаттарының отырысы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетте Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті депутаттарының заң білімінің сапасын арттыру жөніндегі Ведомствоаралық үкіметтік жұмыс тобының жұмыс қорытындысы бойынша отырысы өтті.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы кітап көрме ұйымдастырды.

Күні: 06 мамыр 2022

Көрменің мақсаты: Оқырмандардың құқықтық санасын, құқықтық мəдениетін, құқықтық білімін жетілдіруге ықпал ету. Кітапхана қорындағы кітаптармен таныстыру.

Көрме 5 бөлімнен тұрады:

  • «Конституциялық құқық»
  • «Құқық қорғау органдары»
  • «Сот жүйесі»
  • «Оқытушы – профессорлардың еңбектері»
  • «Мерзімді басылымдар»

«Конституциялық құқық». ҚР конституциялық құқығы ұлттық құқықтың орталық саласы болып табылады. Конституциялық-құқықтық нормалар Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын сипаттайтын ең манызды, базалық қоғамдық қатынастарды реттейді. Көрменің 1-бөлімінде Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы мен қоса конституциялық құрылысының негіздері, жеке адамның құқықтық мәртебесінің негіздері, Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің негізгі қағидалары және Қазақстан жергілікті басқару мәселелерін айқындайтын еңбектер ұсынылды.

«Құқық қорғау органдары». Жеке бастың, қоғамның және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын мемлекеттік механизмде өздерінің нақты міндеттері мен функциялары бар құқық қорғау органдарының қызметі маңызды рөл атқарады. Құқық қорғау органдарының құзыретіне не кіреді және оның мақсаттары мен функциялары қандай? Осы және өзге де сұрақтарға осы бөлімде ұсынылған басылымдардан жауап табасыз. 2-бөлімде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылуының негізгі кезеңдерін айқындайтын кітаптар ұсынылды. Бұл еңбектерде құқық қорғау органдарының нақты әрбіреуінің құқықтық мәртебесі, ұйымдастырушылық құрылымы, міндеттері мен функциялары анықталады.                       

«Сот жүйесі». Қазақ халқы қай кезінде де от ауызды, орақ тілді, қара қылды қақ жарған әділ билерін, шешендері мен ақындарын ел билеген хандарынан бетер қадір тұтқан. Олар айтқан бітімді, кесімді сөздер ұрпақтан ұрпаққа жетіп, тұтас бір халықтың даналық мектебіне айналып отырған. Би-Судья – ел қамқоры, халық жанашыры әрі ақылшысы. Көрменің бұл бөлімінде бітім жасаған ұлы билерінен бүгінгі сот жүйесіне дейінгі мәселелер жайлы еңбектер қойылды.

«Оқытушы – профессорлардың еңбектері». Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушы –профессорлық құрамының Юриспруденция бойынша еңбектері ұсынылды.

«Мерзімді басылымдар». Көрменің бұл бөлімінде кітапхана қорындағы Заң мен Заңгерлерге, құқық қорғау органдары туралы журналдар ұсынылды.

Көрменің оқырмандық бағыты: Университетке іс-шараға жиналған қонақтар, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.

Көрме құжаттары: кітаптар

Яндекс.Метрика