Марат Ысқақовтың 90 жылдығына арналған іс-шара

Журналистика факультеті «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен Марат Ысқақтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Баспагерлер мен дизайнерлерге білім беруді дамытудың заманауи тенденциясы: тәжірибесі, проблемасы, келешегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы кітап көрме ұйымдастырды.

Күні: 05 сәуір 2022

Көрменің мақсаты: Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға жиналған қонақтарға, студенттерге және оқырмандарға Марат Ысқақовтың еңбектерімен және журналистика саласында жүрген оқытушыларымыздың еңбектерімен, баспа ісінің негізін айқындайтын еңбектермен таныстыру.

Көрме 2 бөлімнен тұрады:

  • «Марат Ысқақовқа 90 жыл»
  • «Баспа ісінің негіздері»

«Марат Ысқақовқа 90 жыл». 1-бөлімде Марат Ысқақовтың лирикалық серпінді үнге толы, поэзиялық бірінші кітабы «Сағыныш саздары» атты кітабы қойылды. Бұл еңбегі көңілді селт еткізердей қызғылықты, мәнді. Сонымен қатар «Дарқан көңіл», «Өмірімнің шарайнасы» атты еңбектері ұсынылды және көрменің бұл бөліміне «Қазақ журналистикасы», Н.Омашевтың «Ақпарат әлемі», Қозыбаевтың, Барманқұловтың, Қожакеевтың, Уайдиннің, Кенжалиннің, Ыдырысовтың т.б журналистика корифейлерінің кітаптары қойылды.

«Баспа ісінің негіздері». Редактор қабылданған концепцияға сәйкес кітап дайындау үшін жүргізілетін редакциялық-баспалық үдеріске жетекшілік етеді. Осы саланың барлығын ашып түсіндіретін, «Басылымды редакторлық даярдау» «Полиграфия өндірісінің технологиясы» «Баспа-полиграфия шығындарын есептеу тәсілдері», «Мерзімді баспасөз дизайны» атты еңбектер Көрменің 2-бөлімінде ұсынылды.

Көрменің оқырмандық бағыты: Университетке іс-шараға жиналған қонақтар, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.

Көрме құжаттары: кітаптар

Яндекс.Метрика