Журналдардың форматтары мен бизнес-модельдері. Сапалы ғылыми басылымның сипаттамасы. Web of Science, EndNote (Match), Master Journal List және Journal Citation Reports көмегімен жариялау үшін тақырыптық басылымдардың тізімін қалыптастыру. Ғылыми журналдың дәйексөз көрсеткіштері, импакт-фактор және квартиль. Журналдарды қажетті параметрлер бойынша бағалау және салыстыру үшін Journal Citation Reports (JCR) аналитикалық құралының мүмкіндіктері.
Вебинардың негізгі уақытының кемінде 90% қатысқан қатысушының сертификаттарын шығару көзделген. Вебинарлар тегін, бірақ алдын – ала тіркелу қажет.
Вебинар тақырыбы: Journal Citation Reports аналитикалық құралының мүмкіндіктері
Вебинар күні: 20.04.2022
Вебинар уақыты: сағат 11:00-11:45-те және сағат 14:00-14:45-те (Нұр-сұлтан уақыты бойынша)
Тіркелу: сағат 11:00-11:45-те және сағат 14:00-14:45-те
Webex бағдарламасы XP және бұрынғы операциялық жүйелерді қолдамайтынына назар аударыңыз, тақырыпты таңдағанда осыны ескеріңіз