«Марғұлан оқулары – 2022» ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Әл-Фараби атындағы кітапханада тарих факультеті мен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп «Марғұлан оқулары – 2022» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Қазақстан жеріндегі археологиялық зерттеулердің жаңа кезеңі Ғылым академиясы құрылғаннан кейін жаңа қарқынмен жүрді. Осы кезеңнен бастап республикадағы археологиялық зерттеулерге Тарих институтының археология бөлімі жетекшілік ете бастады. Академик Ә.X.Марғұлан бастаған Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция көп жылдар бойы ұлы Арқа жеріндегі зерттеулерін жүргізіп келді.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 13 сәуір 2022 ж

Көрменің мақсаты: студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін арттыру, қонақтардың шығармашылық ойлары мен жаңаша идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету. Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары: этнография, тарих, шығыстану, әдебитетану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер филология ғылымдарының докторы Әлкей Марғұланның білім жолында қосқан үлесін таныстыру.

Көрме 3 бөлімнен тұрады:

  • «Ұлы ғұлама Марғұлан»
  • «Археологиялық ескерткіштер — құнды деректер»
  • «Археология: қажырлы еңбек және мол мүмкіндіктер»

«Ұлы ғұлама Марғұлан». Әлкей Хақанұлы – жан-жақты ғалым, филология ғылымдарының докторы, КСРО Ғылым академиясының толық мүшесі, белгілі шығыстанушы, тарих төңірегінде көп еңбек сіңіріп, Қазақстан археологиясының жеке ғылым ретінде қалыптасуында ерекше із қалдырған. Сондықтан да ғалымның ҚазКСР ҒА құрылған соң, бірден Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында жасақталған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы 20 жыл бойы жұмыс істеді.Экспедицияның көпжы묬дық зерттеулерінің нәтижесінде – тарихшылар, археологтар және қоғамдық ғылымдар арасында мойындалды. Бұл бөлімде, Ә.Х.Марғұлан «Сарыарқа», «Қола дәуірдегі тау-кен ісі және металлургиясы» және «Жезқазған – көне және ортағасырлық металлургия орталығы» кітаптары қойылды. Кітапта Орталық Қазақстан терриоториясындағы геологиялық және археологиялық зерттеулер нәтижелері негізіндегі тау-кен ісі мен металлургиясының пайда болуы мен дамуы тарихы берілген. Сонымен қатар, Ә. Х. Марғұланның шығармалар жинағын қойдылды, бұл кітап 13-томнан тұрады, ешжерде жарияланбаған қазақтың ерте тарихын жазып қалдырған.

«Археологиялық ескерткіштер — құнды деректер». Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер орта ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхатшылардың еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей көзімен көрген немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған әдеттен тыс заттар, бейнелер, өз замандарынан көп бұрын болған қалалар мен қоныстардың жұрттарын, оқиғаларды айтып кеткен. Осыған байланысты, Қазақ университетінің баспасынан «Қазақ археологиясы» атты кітаптары қойылды, авторлары: Байпақов К.М., Таймағамбетов Ж.Қ., Жұмағанбетов Т. Көрменің басты мақсаты – студенттерді отандық археология тарихынан хабардар ету.

«Археология: қажырлы еңбек және мол мүмкіндіктер». Қазақ даласы тарихи – мәдени ескерткіштерге бай. Батыс Қазақстан аймағында ғана 300-ден астам тарихи-мәдени ескерткіштер тіркелген. Оларға Шопан -Ата жер асты мешіті, Қараман –Ата ескерткіші т.б жатады. Бұлардың көпшілігі Маңғыстаудың оңтүстік бөлігінде орналасқан. Олар, көбінесе тастан тұрғызылған әр түрлі құрылыстар. Аса ірі тарихи және мәдени ескерткіштер қатарына Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, Сарыарқадағы Алаша хан кесенесі, Тараз өңіріңдегі Айша бибі және Қарахан кесенесі, Бабаджа Хатун кесенелері . Тарихи және мәдени ескерткіштердің түрлері көп. Мұндай ескерткіштер қалпына келтіріп отырады. Бұл бөлімге А.З.Бейсеновтің «Сарыарқаның көне жәдігерлері» кітабы қойылды. Кітап кең-байтақ тарихы Сарыарқа аймағының үлкен бөлігін алып жатқан географиялық өлке – Орталық Қазақстанның көнеден жеткен ескерткіштері туралы сыр шертеді. Ұсынылып отырған бұл басылым архелогтар мен тарихшыларға арналған

Көрменің оқырмандық бағыты: Университетке іс-шараға жиналған қонақтар, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.

Көрме құжаттары: кітаптар, журналдар, фотосуреттер.

Яндекс.Метрика