Қазақстан журналистер Одағы филиалының ашылу рәсімі өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінде Қазақстан журналистер Одағы филиалының ашылу рәсімінің және осы шара өтетін Қазақстан Журналистика академиясының президенті, профессор Сағымбай Қозыбаевпен «Alatay Aqparat» медиахолдингі бас директорының орынбасары Абдухалил Джалиловтың «Вечерний Алматы» газетінің 85 жылдығына арналған «Моя Вечерка» кітабының тұсаукесері өтті.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 13 сәуір 2022 ж

Көрменің мақсаты: қонақтарға, студенттерге кітапхана қорындағы материалдармен таныстыру, газеттің шынайы ақпарат тарататындығын, тек нақты мәлімет қана беретіндігін, әлі де қоғамға тигізер пайдасын түсіндіру.

Көрме 2 бөлімнен тұрады:

  • Ұстаз.Ғалым.Тұлға
  • Баспасөз ісі, Баспасөз қызметі

Ұстаз.Ғалым.Тұлға Сағымбай Қозыбаев – Қазақстан Журналистикасы академиясының президенті, тарих ғылымының докторы,¬ профессор, жарты ғасырға жуық бірнеше ұрпақты журналистикаға тәрбиелеген ұстаз. Ол 1944 жылы 15 шілдеде Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, Сағымбай Қозыбаев текті әулеттен шыққан. Әкесі Қабаш Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде колхоз басқарған. Қазақстан журналисттер энциклопедиясын түзген ғалым осы уақытқа дейін көптеген публицистикалық очерктерді, ғылым мақалаларды өмірге әкелді. Бұл бөлімге С.Қозыбавтын 25- ке жуық кітаптабы қойылды, соның ішінде «Храм у подножия гор», «Люди мы не боги», «Во имя слова», «Гордое имя – Журналист», «Аудитория – весь Казахстан» еңбектері.

Баспасөз ісі, Баспасөз қызметі Газет – сауаттылық пен эстетиканың жаршысы. Тіл ұстартып, адамға тәрбие беруші құрал. «Вечерний Алматы» қоғамдық-саяси газет. Алматы қаласының тұрғындары бұл газетті мың жасаған шаһардың шамшырағы – «вечерка» деп атап кеткен. Газет 1936 жылдың 28 сәуірінен бастап шығып келеді, биыл 85 жылдық мерейтойы. Аптасына 2 рет сейсенбі және бейсенбі күндері Алматы қаласында екі тілде басылып шығады. Көрмеге журналистика факультетінің оқытушылардың еңбектері соның ішінде : Н.Шыңғысованың «Өңірлік мерзімді баспасөздің менеджменті және маркетингі», Ж.Бекболатұлының «Баспасөз қызметі», Б.Сердәлінің «Мерзімді баспасөз дизайны» т.б кітаптар қойылды. Сондай-ақ кітапхананың мерзімді басылымдар қорыңдағы «Вечерний Алматы» газетінің жинақталып тігілген газеттері қойылды.

Көрменің оқырмандық бағыты: Университетке іс-шараға жиналған қонақтар, жазушылар, журналисттер, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.

Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 50-ге жуық кітап, мерзімді басылымдар.

Яндекс.Метрика