Берсімбаев Рахметқажы Ескендірұлы 75 жаста

Қазақстандық генетик ғалым, ҚР ЖМ ҒА академигі, ЖМ ХҒА академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор, Берсімбаев Рахметқажы Ескендірұлының туғанына 75 жыл толуына арналған «Молекулалық генетика саласындағы ғұлама ғалым» атты кітап көрмесі

Рахметқажы Ескендірұлы Берсімбаев 1947 жылы 8 наурызда , Ресей, Алтай Республикасы, Қосағаш ауданы, Жазатыр ауылында туған. Биология ғылымының докторы , профессор, Қазақстан Ғылым Академияның академигі. Новосібір мемлекеттік университетін бітірген. Дрозофила шыбынындағы мутацияның генетикалық тұрақсыздығын анықтады. Геномның клеткалық және молекулалық реттелу механизмін зерттеді. 1983–84 жылдары Лондон қаласындағы Ұлттық медицина ғылымы институтында, Ганновердегі медицина ғылыми-зерттеу ортасында (1988 жылы; 1991 жылы); Гейдельбергтегі Еуропалық молекула-биологиялық лабораториясында (1988 жылы) және Астон университетінде (1994 жылы) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. VI-інші және VIII-інші халықаралық генетикалық конгрестерде проблемалық ғылыми баяндамалар жасады (Пекин, 1998 жылы; Сеул, 1999 жылы).

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 09.03.2022 ж.

Көрмені ұйымдастырушы: Әл-Фараби кітапханасы.

Кітап көрме 3 бөлімнен тұрады:

  • Өзінің еңбектері
  • Ол  туралы жазылған еңбектер
  • Мерзімді басылымдар мен журналдардар

Көрмеге қысқаша шолу:

Өзінің еңбектері. Оның ғылыми жетекшілігімен 1 докторлық және 13 кандидаттық диссертация қорғалды. Мемлекеттік ғылым стипендияның иегері, 250 ден астам ғылыми еңбектің авторы. Генетиканың даму тарихы зерттеу объектісі ретінде Drosophila melanogaster жеміс шыбынын пайдаланумен тығыз байланысты. Ғалымның еңбектері әсіресе молеклалық генетика мен молекулалық биологияның көптеген бағыттарының дамуына негіз болған.

Ол  туралы жазылған еңбектер. Ғұлама ғалым, өнегелі ұстаз, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Берсімбаев Рахметқажы Ескендірұлы туралы жазылған еңбектер. Ғалымның басшылығымен жүргізіліп жатқан зерттеулер елімізбен шетелдік ортаға кеңінен танылып, үлкен аудиториялардағылыми баяндамалар жасалынып келді. Қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу бағытымен қоса, ұстаздық қызметті қатар атқарып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде дәріс оқитын білікті ұстаз екенін мақтан етуге болады.

Мерзімді басылымдар мен журналдардар. Берсімбаев Рахметқажы Ескендірұлының мерзімді басылымдар мен журналдарда жарияланған еңбектері

Көрменің оқырмандық бағыты: конференцияға қатысушылар, қонақтар, кітапхана оқырмандары және т. б. қатысушылар.

Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, журналдар.



Яндекс.Метрика