Көпбаев Темірғали Мұратбекұлы 60 жаста

Әл-Фараби кітапханасында ақын, ғалым, баспагер , ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты Көпбаев Темірғали Мұратбекұлының 60 жасқа толуына арналған «Баспагерлік-редакторлық шеберлік және кітап шығару ісінің өзекті мәселелері» атты онлайн және офлайн халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Көпбаев Темірғали Мұратбекұлы – ақын, журналист, ғалым, баспагер. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. 1962 жылы 7 ақпанда Түркістан облысы, Төлеби ауданының Аққұм ауылында дүниеге келген. Темірғали Көпбаев 2001 жылдан бастап көрнекті ақын-жазушылар мен ғалымдардың көптомдықтарын шығаруға бағытталған Алматы қаласындағы «Қазығұрт» баспасының президенті. «Қазығұрт» баспасы қызметінің басты бағыты аса көрнекті ақын-жазушылардың көптомдықтарын жарыққа шығару болып табылады. Бұл бағытта баспа өзі тіркелген уақыттан бастап көптеген игілікті шаралар атқарды.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 07.02.2022 ж

Көрмені ұйымдастырушы: ҚР Ұлттық кітапханасы және әл-Фараби кітапханасы.

Толығырақ: осы жерде

Яндекс.Метрика