Көпбаев Темірғали Мұратбекұлы 60 жаста

Әл-Фараби кітапханасында ақын, ғалым, баспагер , ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты Көпбаев Темірғали Мұратбекұлының 60 жасқа толуына арналған «Баспагерлік-редакторлық шеберлік және кітап шығару ісінің өзекті мәселелері» атты онлайн және офлайн халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Көпбаев Темірғали Мұратбекұлы – ақын, журналист, ғалым, баспагер. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. 1962 жылы 7 ақпанда Түркістан облысы, Төлеби ауданының Аққұм ауылында дүниеге келген. Темірғали Көпбаев 2001 жылдан бастап көрнекті ақын-жазушылар мен ғалымдардың көптомдықтарын шығаруға бағытталған Алматы қаласындағы «Қазығұрт» баспасының президенті. «Қазығұрт» баспасы қызметінің басты бағыты аса көрнекті ақын-жазушылардың көптомдықтарын жарыққа шығару болып табылады. Бұл бағытта баспа өзі тіркелген уақыттан бастап көптеген игілікті шаралар атқарды.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 07.02.2022 ж

Көрмені ұйымдастырушы: ҚР Ұлттық кітапханасы және Әл-Фараби кітапханасы.

Әл-Фараби кітапханасының фойесінде ақынның шығармашылығына және « Қазығүрт» баспасының 20 жылдығына» арналған кітап көрмесі және « Мезгілден мәнді мезеттер» атты фото көрме ұсынылды. Сондай ақ Темірбек Көпбаевтың «Сабан ақша» атты прозалық кітабының тұсаукесер рәсімі болды.
Көрмеге ақынның «Көзмоншақ» өлеңдер жинағы, «Жаңғырык», «Аңсар», «Кие» тағы да басқа кітаптары, мерзімді басылымдарда жарық көрген өлеңдері, мақалалары қойылды. «Қазығұрт» баспасында басылған бес жүзге жуық кітап ұсынылды, соның ішінде Мекемтас Мырзахметұлының Абайдың 175 жылдығына арналған « Абайтану» сериясының 10 томдық «Жамбыл Жабаев» 10 томдық, «Ілияс Жансугіров» 10 томдық, «Бейімбет Майлин» 15 томдық, «Сәбит Мұқанов» 10 томдық, «Сәкен Сейфуллин» 13 томдық, «Тұрар Рысқұлов» 5 томдық, «Мұзафар Әлімбай» 7 томдық, «Қабдеш Жұмаділовтың» 12 томдық, «Тұманбай Молдағалиев» 15 томдық, «Шерхан Нұртазаның» 6 томдық, «Жұмекен Нәжімеденов» 7 томдық кітаптары және « Түркістан», « Түркістан облысының көне қалалары», «Оңтүстіктің 100 күйі» фотоальбомдары қойылды.

Яндекс.Метрика