Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы оқу зертханасы ашылды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығының аясында «Qazaqstan» ұлттық арнасы Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы оқу зертханасының ашылуы өтеді.
Нұртілеу Иманғалиұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисті, «Хабар» агенттігінде модератор-жүргізуші, одан кейін Үкімет кеңсесінде сектор меңгерушісі, Президент Әкімшілігінде бас маман болып істеген. Коррупцияға күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі. Н.Иманғалиұлы тележурналистикадан айнымаған тұлға. Ғұмырының 45 жылын телевизияға арнаған. «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кұрметті профессоры.

Салтанатты рәсімге Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, БАҚ басшылары, танымал журналистер, қоғам және өнер қайраткерлері, журналистика факультетінің оқытушы-профессорлары мен студенттері қатысты.

Күні: 27 желтоқсан 2021 жыл

Уақыты: сағ 11:00 де

Көрмені ұйымдастырушы: Әл-Фараби кітапханасы

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Толығырақ: осы жерде

Яндекс.Метрика