Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы оқу зертханасы ашылды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығының аясында «Qazaqstan» ұлттық арнасы Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы оқу зертханасының ашылуы өтеді.
Нұртілеу Иманғалиұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисті, «Хабар» агенттігінде модератор-жүргізуші, одан кейін Үкімет кеңсесінде сектор меңгерушісі, Президент Әкімшілігінде бас маман болып істеген. Коррупцияға күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі. Н.Иманғалиұлы тележурналистикадан айнымаған тұлға. Ғұмырының 45 жылын телевизияға арнаған. «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кұрметті профессоры.

Салтанатты рәсімге Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, БАҚ басшылары, танымал журналистер, қоғам және өнер қайраткерлері, журналистика факультетінің оқытушы-профессорлары мен студенттері қатысты.

Күні: 27 желтоқсан 2021 жыл

Уақыты: сағ 11:00 де

Көрмені ұйымдастырушы: Әл-Фараби кітапханасы

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Әл-Фараби кітапханасының мақсаты – сабақтастықты жалғау, қатысушыларға , студенттерге және қонақтарға Нұртілеу Иманғалиұлының кітапхана қорындағы бар еңбектері, мақалалары және қолжазбаларымен бөлісу. Журналистиканың қыр-сырын ашатын әдебиеттер көпшілік қауымды қызықтырады.

Көрме мына бөлімдерден тұрады

  • Нұртілеу Иманғалиұлы – ұлттық телевизияның қайраткері
  • Нұртілеу Иманғалиұлы – тележурналистика майталманы

Көрмеге қысқаша шолу

  • Нұртілеу Иманғалиұлы – ұлттық телевизияның қайраткері В первом разделе выставки представлены книги по основам журналистики и награды, благодарственные письма, дипломы Нуртилеу Имангалиулы. Представлена книга посвященная к шестидесятилетию Нуртилеу Имангалиулы “Нұртілеу”, в сборник вошли задушевные слова,посвящения,статьи и воспоминания, также из его личного архива представлена книга фотоальбом “Нұр Тілеу”. Как он сам говорил и фотографии могут говорить… Книга “Телеөнердің тұлғасы” о нем, в данной книге сборник статей разных журналистов ,стихи, воспоминания коллег и друзей о Нуртилеу Имангалиулы.
  • Нұртілеу Иманғалиұлы – тележурналистика майталманы Нұртілеу Иманғалиұлының республикалық мерзімді басылым беттерінде жарияланып жүрген шыгармалары екінші бөлімінде топтастырылған. Көрменің екінші бөлімінде «Журналист әлемі», «Көксандық күмбірі», «Нұртілеу», «Алқа», «Ұлттың үнжариясы» атты кітаптар мен мерзімді басылымдарды көреміз.

Көрменің оқырмандық бағыты: қонақтар, кітапхана оқырмандары және т. б. қатысушылар.
Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, журналдар, газеттер, суреттер
Көрменің нәтижесі: әл-Фараби кітапханасының қорындағы журрналситика бағытындағы кітаптар мен Нұртілеу Иманғалиұлының шығармаларымен таныстыру.

Яндекс.Метрика