Халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн конференция

Әл-Фараби кітапханасында «Ел Рухы»: Тәуелсіз Қазақстанның ақпараттық медиа кеңістігі атты ғылыми-әдістемелік онлайн конференция өтті.

Әл-Фараби кітапханасы Қазақстан Республикасының 30 жылдығы мерекесіне орай «Ел Рухы»: Тәуелсіз Қазақстанның ақпараттық медиа кеңістігі көрмесін ұсынды. Әл-Фараби кітапханасы елімізбен бірге тәуелсіздік мерекесін атап өтуге өз үлесін қосып, Әл-Фараби кітапханасы қорындағы ақпараттық медиа тақырыбына арналған кітаптар, журналдар және тағы басқа құжаттарды көпшілік назарына осы көрме арқылы ұсынды.

Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.

Күні: 22 желтоқсан 2021 ж

Көрмені ұйымдастырушы: әл-Фараби кітапханасы.

Көрме келесі бөлімдерден тұрады:

  • «Ел Рухы»: Тәуелсіз Қазақстанның ақпараттық медиа кеңістігі
  • Журналистика әлемі – алып мұхит

Көрмеге қысқаша шолу

«Ел Рухы»: Тәуелсіз Қазақстанның ақпараттық медиа кеңістігі. Көрмені Қазақстан медиа-кеңістігінде ақпараттық қауіпсіздік арналған кітаптар топтамасы ашады.
Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша жарық көрген бір неше Медиа және журналистика кітаптарымен танысамыз.

Журналистика әлемі – алып мұхит. Қазақ журналистикасы туралы кітаптар көрменің келесі бөлімін құрайды. Бұл бөлімде атақты қазақ журналистерінің кітаптары соның ішінде А. Ақынбекованың «Қазақ журналдары», Жұмабек Кенжалинның «Елжандылық мұраты және баспасөз беделі», Намазалы Омашұлының «Ұзынқұлақтан қазақ радиосына дейін» кітаптары қойылған.

Көрменің оқырмандық бағыты: конференцияға қатысушылар, қонақтар, кітапхана оқырмандары және т. б. қатысушылар.

Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, журналдар.

Көрменің нәтижесі: әл-Фараби кітапханасының қорындағы журналистика тақырыбына арналған материалдармен оқырмандарды таныстыру.

Яндекс.Метрика