Электрондық кітапхана функционалды түрде келесі аймақтарға бөлінген:
- Электронды порталмен, кітапхана каталогымен, университеттің корпоративтік басқару желісімен, интернет ресурстармен – әлемнің цифрлық кітапханаларымен, Қазақстан мен ТМД елдерінің онлайн кітапханаларымен, серіктес университеттердің кітапханаларымен жұмыс істеуге арналған Интернетпен жұмыс жасау аймағы.
- Әлемдік баспалардың электрондық басылымдарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін Іздеу көздері қорымен жұмыс істеу аймағы.
- Мультимедиалық мәліметтермен (бейне-, аудиоматериалдар, графика) жұмыс істеу аймағы Жаңа ресурстарды қарауға, өңдеуге және әзірлеуге мүмкіндік береді; телеарналар сайттарына кіруге мүмкіндік береді.
- Бейнематериалдар мен цифрлық теледидар бағдарламаларын жеке және топтық көруге, онлайн-режимде көрсетілетін телевизиялық бағдарламаларға тіркелу мүмкіндігіне, «Қазақтелеком» тарапынан IDTV қызметін ұсынуға арналған Спутниктік теледидар аймағы.
- Графикалық редакторлармен жұмыс істеу, карталарды құру («Картография» мамандығы бойынша), математикалық модельдеу, жобаларды компьютерлік 3D графикада орындау мүмкіндігін беретін Графикалық бағдарламалармен жұмыс істеу аймағы.
- Студенттердің шет тілдерін өз бетінше меңгеруіне арналған Лингафон аймағы.
- Жеке деректермен өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндігін беретін Ноутбуктермен жұмыс істеу аймағы